Бiлiм басқармасы Whatsapp-пен жиналыс өткiзiп, Facebook арқылы сұрақтарға жауап бередi
- author «Ақ жол»
- 15 тамыз, 2016
- 504
Астана қаласының Бiлiм басқармасы Whatsapp-пен жиналыс өткiзiп, Facebook арқылы кез-келген сұраққа жедел жауап бередi. Бұл туралы басқарма басшысы Қасымхан Сенғазыев BNews.kz порталындағы онлайн-конференция барысында мәлiмдедi, деп хабарлайды BNews.kz тiлшiсi.
«Өткен аптада мен Facebook желiсiндегi жеке парақшамда Online-блогты iске қостым. Қазiргi уақытқа дейiн оған бiлiм саласындағы түрлi проблемасын айтып 30 жуық ата-ана хабарласты. Олар көбiнесе балабақша, мектеп, колледж, қосымша бiлiм беру ұйымдарына қатысты сұрақтарын жолдады. Мен оларға өзiм жауап беруге тырысамын. Бұл қағазбастылықты азайтады. Жауап 15 минуттан бастап 1 сағатқа дейiн, ұзақ дегенде 2 күнде берiледi. Сондай-ақ, «Столичное образование #bilimastana» тобында бөлiм басшылары, балабақша меңгерушiлерi, мектеп директорлары мен оқу iсiнiң меңгерушiлер бар. Кейде олар өз жұмыстарына қатысты сұрақтарға өздерi жауап бередi», - дедi басқарма басшысы. Оның айтуынша, білім басқармасы қазіргі заманғы жаңашылдықтарды толығымен пайдалануға тырысады. Мәселен, қазіргі таңда елордалық мектеп директорларының жиналысы WhatsApp арқылы Online өтедi. Заманауи әдiс басшыларға ескертулер мен тапсырмаларды жылдам жеткiзуге мүмкiндiк бередi. Дегенмен, директорлар айына бiрнеше рет жиналып, өзектi мәселелердi талқылайды.
Ақпарат көзі: BNews.kz
Ұқсас жаңалықтар
ЖРВИ және тұмаудан сақтану шаралары
- 4 желтоқсан, 2025
Ерте анықтау – аурудың алдын алады
- 4 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




