Денсаулық
Алдағы жылдан «Болашақ» бағдарламасында ауыл мұғалімдеріне квота ескеріледі
- author «Ақ жол»
- 15 тамыз, 2016
- 517
Алдағы жылдан «Болашақ» бағдарламасында ауыл мұғалімдеріне квота ескеріледі
2017 жылдан бастап ауыл мектептерінің мұғалімдері «Болашақ» арқылы оқытылмақ. Бүгін ҚР Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықованың қатысуымен Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның кезекті отырысынан кейін «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ президенті Ғани Нығыметов осылай мәлім етті.
«Бүгінгі комиссияның отырысында бұған дейінгі берілген тапсырмалардың орындалуы қаралды. Оның ішінде оқуға шетелдің беделді жоғары оқу орындарына магистратура мен докторантураға «өз бетінше түскендер» санаты бойынша үміткерлерге 2 жылдық еңбек өтілі болуы жөніндегі талапты алып тастау туралы шешім болған еді. Енді сол шешімді іске асырып, ережеге енгіздік. Жақын арада Үкіметтің қаулысы қабылданады»,-деді Ғ. Нығыметов.
«Болашақ» арқылы елімізде бірқатар маңызды салаларға білікті кадрлар дайындау іске асырылып жатқандығына тоқталған ол, осы ретте техникалық мамандықтарға ерекше назар аударылып отырғандығын атап өтті.
«Сонымен бірге бірқатар жаңа тапсырмалар берілді. Соның ішінде ауылдық мұғалімдерге жеке квота жасау ескеріліп отыр. Осы мәселе пысықталып, келесі жылдан бастап ауыл мұғалімдеріне «Болашақпен» жеңілдікпен түсуге мүмкіншілік болады»,-деді орталық президенті.
Ақпарат көзі: ҚазАқпарат
Ұқсас жаңалықтар
ЖРВИ және тұмаудан сақтану шаралары
- 4 желтоқсан, 2025
Ерте анықтау – аурудың алдын алады
- 4 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




