Денсаулық
Бастауыш сыныпқа жаңа білім беру бағдарламасы енгізіледі
- author «Ақ жол»
- 15 тамыз, 2016
- 722
Бастауыш сыныпқа жаңа білім беру бағдарламасы енгізіледі
Бастауыш сыныпқа білім берудің жаңа әдісі өзінің тиімділігін көрсетті. Арнайы жүргізілген бақылау нәтижесі осыған дәлел. Елордадағы Назарбаев зияткерлік мектебінде жаңа білім бағдарламасының нәтижесі талқыға түсті. Оған елдегі жаңа білім беру стандартынан сынақтан өткен 30 мектептің 140-тан астам бастауыш сынып мұғалімдері қатысты. Жиын барысында ұстаздар сынақ қорытындысын талқылап, жаңа оқу жылына дайындықтарын тағы бір пысықтады. Себебі биылдан бастап бұл бағдарлама еліміздің барлық мектептерінде енгізіледі. Оқу бағдарламасын әзірлеуші мамандардың айтуынша, жаңа стандартта оқуышының ойлау жүйесіне басымдық берілген. Жанар Абділдина, «Назарбаев зияткерлік мектебі» білім беру бағдарламалар орталығының директоры: - Мониторинг жақсы нәтиже көрсетті. Әрине, ең бірінші мұғалімдерге қиын болды. Сұрақтар көп болды. Жаңа нәрселерге қатысты қиындық туындайды. Бірақ сосын бір жарты жылдан кейін бәрін жақсы түсініп, бағдарламаны алып кетті. Нәтиже қандай болғанын нақты айта аламыз. Балалардың дағдылары қалыптасты. Тек ғана білім емес, дағды. Ақпарат көзі: www.24.kz
Ұқсас жаңалықтар
Мақсат – науқастарды қабылдау сапасын жақсарту
- 23 сәуір, 2026
Операция сәтті өтіп, науқастардың жағдайы жақсарған
- 23 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




