Денсаулық
Рио-2016: Бүгін Александр Зайчиков Риодағы ауыр атлеттеріміздің жарысын қорытындылайды
- author «Ақ жол»
- 15 тамыз, 2016
- 434
Рио-2016: Бүгін Александр Зайчиков Риодағы ауыр атлеттеріміздің жарысын қорытындылайды
Бразилияның Рио-де-Жанейро қаласында өтіп жатқан Олимпиада ойындарында бүгін Александр Зайчиков Риодағы ауыр атлеттеріміздің жарысын қорытындылайды, деп хабарлайды Риодағы ҚазАқпарат тілшісі.
Бүгін Риода ауыр атлеттеріміз үшін соңғы күн. Осыған дейін жеті ауыр атлетіміз өнер көрсетіп, 1 алтын, 1 күміс, 2 қола медаль жеңіп алды.
Айталық, Олимпиаданың үшінші ауыр атлет Фархад Харки 62 келі салмақ дәрежесінде қола медаль еншілесе, төртінші күні тағы бір ауыр атлет қызымыз Карина Горичева 63 келі салмақта екінші қола медальға ие болды. Ал Олимпиаданың бесінші күні екі бірдей ауыр атлеттеріміз ел қоржынына бір алтын, бір күміс медаль салды. Алтынды Ниджат Рахимов жеңіп алса, күмісті қазақтың қызы Жазира Жаппарқұл иеленді.
Осылайша Рио олимпиадасына келген 8 ауыр атлетіміз қазірге дейін төрт медальды жеңіп алды. Енді, бүгін 105 келі салмақта соңғы ауыр атлетіміз Александр Зайчиков жарыс жолына шығады.
Естеріңізге сала кетейік, қазір Қазақстан Рио-де-Жанейро қаласында өтіп жатқан Олимпиада ойындарында жалпы есепте 2 алтын, 2 күміс, 4 қола медальмен 16-орынды иеленіп тұр.
Ақпарат көзі: ҚазАқпарат
Ұқсас жаңалықтар
ЖРВИ және тұмаудан сақтану шаралары
- 4 желтоқсан, 2025
Ерте анықтау – аурудың алдын алады
- 4 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




