Денсаулық
Рио-2016: Ольга Рыпакова Қазақстан қоржынына төртінші қола медаль салды
- author «Ақ жол»
- 15 тамыз, 2016
- 443
Рио-2016: Ольга Рыпакова Қазақстан қоржынына төртінші қола медаль салды
Бразилияның Рио-де-Жанейро қаласында өтіп жатқан Олимпиада ойындарында бүгін жеңіл атлетіміз Ольга Рыпакова үш қарғып секіруден Қазақстан қоржынына төртінші қола медальді салды, деп хабарлайды Риодағы ҚазАқпарат тілшісі.
Бұл сайыста алтын жүлдені колумбиялық Катрин Ибаргуэн (15,17м) алды. Күміс жүлде венесуэлалық Юлимар Рохасқа (14, 98м) бұйырды. Ал Лондон Олимпиадасының чемпионы қазақстандық спортшы Ольга Рыпакова 14. 74 м көрсеткішпен үшінші орынға тұрақтап, Қазақстан қоржынына төртінші қола медальды салды. Бұл қазақ спортшыларының Риодағы үш күн үзілістен кейінгі қол жеткізген жүлдесі.
Еске сала кетейік, жарыстың алғашқы күнінде дзюдодан ерлер арасында 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен Елдос Сметов ел қоржынына күміс жүлде салса, 48 келіге дейінгі салмақта әйелдер арасында жарысқа қатысқан Отгонцэцэг Галбадрах Олимпиада ойындарының қола жүлдегері атанды. Ал үшінші медальді қоржынға ауыр атлет Фархад Харки салды. Ол ерлер арасындағы 62 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен болатын.
Олимпиаданың төртінші күні тағы бір ауыр атлет қызымыз Карина Горичева 63 келі салмақта төртінші медальді ел қоржынына салса, Олимпиаданың бесінші күні екі спортшымыз - ауыр атлет Нижат Рахимов және 200 метр қашықтыққа жүзуден Дмитрий Баландин екеуі алтын жеңіп алды.
Ал осы күні әйелдер арасында сынға түскен ауыр атлет қазақтың қызы Жазира Жаппарқұл күміс жүлдегер атанған еді.
Міне, бүгін Қазақстан қоржынындағы медальдар санын Ольга Рыпакова тағы бір медальмен яғни, сегізінші жүлдемен толықтырды.
Осылайша Қазақстан Рио-де-Жанейро қаласында өтіп жатқан Олимпиада ойындарында жалпы есепте 2 алтын, 2 күміс, 4 қола медальмен 16-орынын сақтап қалды.
Ақпарат көзі ҚазАқпарат
Ұқсас жаңалықтар
ЖРВИ және тұмаудан сақтану шаралары
- 4 желтоқсан, 2025
Ерте анықтау – аурудың алдын алады
- 4 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




