Денсаулық
Риодағы Олимпиада: Дариға Шәкімова әлемнің екі дүркін чемпионын жеңді
- author «Ақ жол»
- 14 тамыз, 2016
- 429
Риодағы Олимпиада: Дариға Шәкімова әлемнің екі дүркін чемпионын жеңді
Рио-де-Жанейродағы жазғы Олимпиадада бокстан Қазақстан намысын қорғап жүрген Дариға Шәкімова бірінші кездесуін жеңіспен бастады, - деп хабарлайдыVesti.kz.
75 келі салмақ дәрежесіне дейін өнер көрсететін қазақстандық 27 жастағы боксшының 1/8 финалдағы қарсыласы әлемнің екі дүркін чемпионы 31 жастағы канадалық спортшы Ариан Фортин болды.
Бірінші раундта есе (28:29) жіберген Шәкімова қалған екі раундта (29:28 және 29:28) қарсыласынан айласын асырып жеңіске жетті. Төртінші раундтың қорытындысы бойынша төрешілер қазақстандықтың пайдасына шешіп, оған 1/4 финалға жолдама берді.
Олимпиада ойындарында тағы бір қазақстандық боксшы (51 келіге дейін) Жайна Шекербекова өнер көрсетеді. Оның жекпе-жегі 18 тамызға белгіленген.
Дариға Шәкімова - Азияның екі дүркін чемпионы. 2015 жылы қазақстандық бокс федерациясы оны жыл боксшысы деп таныған.
ақпарат көзі tengrinews.kz
Ұқсас жаңалықтар
ЖРВИ және тұмаудан сақтану шаралары
- 4 желтоқсан, 2025
Ерте анықтау – аурудың алдын алады
- 4 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




