Денсаулық
Иван Дычко Олимпиада ойындарының жартылай финалына шықты
- author «Ақ жол»
- 14 тамыз, 2016
- 658
Иван Дычко Олимпиада ойындарының жартылай финалына шықты
Аса ауыр салмақта бақ сынайтын қазақстандық боксшы Иван Дычко Риодағы Олимпиада ойындарының ширек финалына шықты. Отандасымыз әзірбайжан боксшысы Магомедрасул Меджидовты техникалық нокаутпен жеңіп, Алматыда кеткен есесін қайтарды.
Қазақстандық боксшы жекпе-жекті барынша сақ бастады. Қорғаныста жүріп, қарсыласының қателігін күтумен болды. Орайы келгенде жойқын соққыларымен қарсы алды.
Бірінші раунд қорытындысы бойынша отандасымыз жеңіп шықты. Ал екінші раундта Иван Дычконың соққысы тура тиіп, әзірбайжан боксшысы жарақат алды. Нәтижесінде дәрігерлер боксшының жекпе-жекті жалғастыруына болмайтынын айтып, кездесуді аяқтады. Отандасымыз техникалық нокаутпен жеңіске жетті.
ақпарат көзі kaztrk.kz
Ұқсас жаңалықтар
Мақсат – науқастарды қабылдау сапасын жақсарту
- 23 сәуір, 2026
Операция сәтті өтіп, науқастардың жағдайы жақсарған
- 23 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




