Жамбылда...
Тараз «Қазфосфаттың» жолдары жөнделеді Тараздың маңындағы «Қазфосфат» серіктестігінің өндіріс орнына қатынайтын 22,3 шақырым автокөлік жолы мемлекеттік балансқа алынған еді. Енді 197 миллион теңгеге оның 11,4 шақырымын орта жөндеу жұмыстары басталды.
Талас Шаруаға оң қадам Ауданда жыл басынан бері «Сыбаға», «Алтын асық», «Құлан» бағдарламары бойынша «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ-ы және «Әулие Ата» несие серіктестігі ЖШС-нен 68510,0 мың теңгені құрайтын 8 шаруа қожалығының 10 жобасы мақұлданып, несиелер алды. Және де лизингтік жүйе бойынша «ҚазАгроқаржы» АҚ арқылы шаруа қожалықтары 26 дана ауыл шаруашылығы техникаларын жаңартты.
Шу 2 көкөніс қоймасының құрылысы аяқталмақ Ауданда 26 мың тонна көкөніс сақтауға арналған қоймалар бар. Енді сыйымдылығы 5 мың тонна құрайтын 2 көкөніс қоймасының құрылысы аяқталуға таяу. Оның құны 800 миллион теңгені құрайды.
Ұқсас жаңалықтар
ЖРВИ және тұмаудан сақтану шаралары
- 4 желтоқсан, 2025
Ерте анықтау – аурудың алдын алады
- 4 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




