Денсаулық
Түркия баламалы энергетика саласындағы үздік әзірлемелерін ұсынады
- author «Ақ жол»
- 13 тамыз, 2016
- 709
Түркия баламалы энергетика саласындағы үздік әзірлемелерін ұсынады
Анкарада ҚР Президентінің Түрік Республикасына сапары барысы шеңберінде Түркияның ЭКСПО – 2017-ге қатысу шартына қол қойылған болатын. Құжатқа «Астана ЭКСПО – 2017» ұлттық компаниясының басқарма төрағасы Ахметжан Есімов және «ЭКСПО – 2017» Түрік секциясының комиссары, Түркияның Экономика министрінің орынбасары Тарык Сонмез қол қойды.
Кездесу кезінде Ахметжан Есімов Түркия Қазақстанның ЭКСПО – 2017-ні өткізуге құқығын қолдағандығын және көрмеге қатысу бойынша басым елдердің тізіміне кіретіндігін атап өтті.
– Түркия павильоны көрмедегі ең үлкен павильондардың бірі болады. Осылайша, Түрік Республикасы ЭКСПО – 2017-де жаңартылған энергия көздері саласындағы өзінің үздік жетістіктерін көрсететіндігіне сенімдімін, – деді Ахметжан Есімов.
Қазіргі уақытта Анталия қаласында ЭКСПО – 2016-да бағбандық көрмесі өтуде, оған ҚР белсенді қатысуда. Осыған орай ұлттық компания басшысы ЭКСПО – 2017 үшін осындай іс-шараларды өткізуде Түркияның тәжірибесі қызықты екендігін атап өтті.
Өз кезегінде, Экономика министрінің орынбасары Түркия жаңартылған энергия көздері саласындағы өзінің үздік жетістіктерін көрсететіндігін мәлімдеді.
«Ақ жол-Ақпарат».
Ұқсас жаңалықтар
Мақсат – науқастарды қабылдау сапасын жақсарту
- 23 сәуір, 2026
Операция сәтті өтіп, науқастардың жағдайы жақсарған
- 23 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




