Денсаулық
Рио-2016: 13 тамызға арналған Қазақстан спортшыларының өнер көрсету кестесі
- author «Ақ жол»
- 13 тамыз, 2016
- 486
Рио-2016: 13 тамызға арналған Қазақстан спортшыларының өнер көрсету кестесі
Рио-де-Жанейро Олимпиадасының сегізінші күнінде еліміздің саңлақтары спорттың үш түрінен бақ сынайды.
Бұл туралы Sports.kz хабарлайды. Сағат 18:40-та үш қарғып секіруден «А» іріктеу тобында Ирина Эктова, «В» тобында Ольга Рыпакова мен Екатерина Эктова жарыс жолына шығады.
Сағат 20:00-де 1/16 финал аясында 52 келі салмақтағы боксшы Олжас Сәттібаев алғашқы кездесуін өткізеді. Оның қарсыласы – Джевьер Синтрон Окасио (Пуэрто-Рико).
Сағат 20:42-де 400 метрге жүгіруден – Елена Михина, 20:49-да Анастасия Кудинованың өнерін тамашалаймыз.
Сағат 23:03-те ерлер арасында батутта секіру сыны басталады. Онда ел намысын Пирмаммад Алиев қорғайды.
Осыдан соң шаршы алаңда боксшыларға қолдау көрсетеміз.Сағат 3:30-да Данияр Елеусінов жартылай финалдың жолдамасын венесуэлалық Габриэль Маэстремен сарапқа салады. Ал 3:45-те жартылай финалда 91 келідегі Василий Левит кубалық Эрисланди Савонға қарсы шығады. Сағат 4:45-те 1/8 финал аясында +91 келідегі Иван Дычко алғашқы кездесуін өткізеді. Оның қарсыласы – әзірбайжандық Магомедрасул Меджидов.
Ақпарат көзі: www.24.kz
Ұқсас жаңалықтар
ЖРВИ және тұмаудан сақтану шаралары
- 4 желтоқсан, 2025
Ерте анықтау – аурудың алдын алады
- 4 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




