Рио-2016: Ауыр атлет Денис Уланов жүлдеден тыс қалды
Бразилияның Рио-де-Жанейро қаласында өтіп жатқан Олимпиада ойындарында қазақстандық ауыр атлет Денис Уланов 85 келіге дейінгі салмақта сынға түсіп, қос жаттығудың қорытындысы бойынша медальдан тыс қалды.
Қос жаттығудың қорытындысы бойынша алтын жүлдені сайыста әлем рекордын жаңартқан ирандық Киануш Ростами (396 келі) алса, күміс жүлде Олимпиада рекордын орнатқан қытайлық Тянь Таоға (395 келі) бұйырды. Қола жүлде ережеге сәйкес, Денистен салмағы жеңіл болғандықтан румыниялық Габриэль Синкраянның (390 келі) еншісінде кетті.
Айта кетейік, осыған дейін қазақстандық спортшылар ауыр атлетикадан 1 күміс, 2 қола медаль алған болатын.
Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық есепте 2 алтын, 2 күміс, 3 қола медальмен 13-орында тұр.
Ақпарат көзі: ҚазАқпарат
Ұқсас жаңалықтар
ЖРВИ және тұмаудан сақтану шаралары
- 4 желтоқсан, 2025
Ерте анықтау – аурудың алдын алады
- 4 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




