Саясат
Республикалық комиссия жерді жалға беруге тыйым салу туралы мораторийді 5 жылға созуды ұсынды
- author «Ақ жол»
- 13 тамыз, 2016
- 595
Республикалық комиссия жерді жалға беруге тыйым салу туралы мораторийді 5 жылға созуды ұсынды
Астанада Жер мәселелері жөніндегі комиссиясы жерді жалға беруді 5 жылға дейін мораторийді созу туралы сұрақты талқыламақ. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - ҚР Ауыл шаруашылғы министрі Асқар Мырзахметов комиссия жұмысының регламентін бекіту кезінде мәлім етті.
«Өңірлердегі қоғамдық кеңестердің отырысында сөз етілген азаматтарымыздың ұсынысын ескере отырып, бүгінгі күні комиссия алдында мынадай ұсынысты айтқымыз келеді. Осылардың негізінде қабылданған мораторий мерзімін 2021 жылдың 31 желтоқсанына дейін созу жөнінде Мемлекет басшысына ұсыныс жасау. Сол мораторий мерзімі созылғаннан кейін, егер де осындай шешім қабылданатын болса, жаңағы айтқандай, тиісті дерек қорын қалыптастырып, кейбір туындап отырған сұрақтарға нақты, дәлелді жауап беруге мүмкіндік туады», - деді ол.
Оның атап өткеніндей, бүгінгі күнге дейін Астанада 4 отырыс , өңірлерде 4 отырыс өткен. Комиссияның отырыстарында және өңірлердегі талқылауда негізгі жұмыс 2 бағытта жүргізілді.
Ақпарат көзі: ҚазАқпарат
Ұқсас жаңалықтар
Үздік партияға – үздік кадрлар
- 28 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




