Денсаулық
Мырзағали Айтжанов: Олимпиададағы қазақстандық боксшылардың қарсыластары арасында әлсізі жоқ
- author «Ақ жол»
- 13 тамыз, 2016
- 245
Мырзағали Айтжанов: Олимпиададағы қазақстандық боксшылардың қарсыластары арасында әлсізі жоқ
Олимпиада медальдары үшін күресті жеті қазақстандық боксшы жалғастыруда.
Бокстан Қазақстан құрамасының бас жаттықтырушысы Мырзағали Айтжанов Жәнібек Әлімханұлының жеңісті ұрысына түсіндірме берді, деп хабарлады «Хабар». «Жәнібек ұрысты өте сауатты жүргізді, нұсқауларды толық орындады. Рингте өзін жақсы ұстады. Оның үстіне бұл топта барлығы да мықтылар, мұнда әлсіздер жоқ. Аббади да сондай, Африканың үздік боксшысы. Сондықтан да әрбір ұрысқа тыңғылықты дайындалудамыз», - деді қазақстандық боксшылардың тәлімгері.
Жәнібектің өзі бұдан бұрын айтып өткендей, ол кез келген қарсыласпен сайысқа түсуге дайын және өз күшіне сенімді.
Еске сала кетейік, 75 келіге дейін салмақтағы Жәнібек Әлімханұлы бокстан олимпиадалық турнирдің ширек финалына өтті. Оның келесі қарсыласы Камран Шахсуварли (Әзербайжан) - Артем Чеботарев (Ресей) ұрысының жеңімпазы болмақ (жекпе-жек Астана уақытымен 3:30-да басталады).
Ақпарат көзі: ҚазАқпарат
Ұқсас жаңалықтар
«Салауатты ауыл» қатары көбейіп келеді
- 17 қараша, 2024
Зертханалық диагностика мәселелері зерделенді
- 17 қараша, 2024
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді