Денсаулық
Медведев Кенесары ханның мүрдесін Қазақстанға қайтару туралы мәселені шешуге уәде берді
- author «Ақ жол»
- 12 тамыз, 2016
- 225
Медведев Кенесары ханның мүрдесін Қазақстанға қайтару туралы мәселені шешуге уәде берді
ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов өзі уәде еткендей, РФ Үкімет төрағасы Дмитрий Медведевпен кездесуі барысында өткен жүз жылдықтағы ұлт-азаттық қозғалыстың көшбасшылары Кенесары хан мен Кейкі батырдың мүрделерін елге қайтару туралы мәселені көтерді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Үкімет басшысының сайтына сілтеме жасап.
Дмитрий Медведев бұл мәселені анықтап, шешу үшін қажетті тапсырмалар беретінін айтты.
"Мен ауызша және егер қажет болса, жазбаша тапсырма беріп, бұл мәселенің анық-қанығын анықтайтын боламын", - деп жауап берді Д.Медведев К.Мәсімовтің ұлт көсемдерінің мүрделерін көму үшін Қазақстанға қайтару туралы өтінішіне.
Қазақстан үшін аса құнды жәдігерді кеңес дәуірінен бері қайтаруға бірнеше мәрте ұмтылыс жасалды. Соңғы кездері бұл тақырып, әсіресе, әлеуметтік желілерде жиі көтеріле бастады. Мәселен, қазақстандық Нұрлан Әміреқұлов Facebook әлеуметтік желісінде осы тақырыптағы постын жариялады.
Ресейлік әріптесімен кездесу кезінде Кәрім Мәсімов Астанада өтетін XIII Аймақаралық ынтымақтастық форумына қатысты мәселелерді де талқылады. Атап айтқанда, Батыс Еуропа-Батыс Қытай тәрізді ірі көлік жобаларын жүзеге асыру барысы сөз болды. Жайық трансшекаралық өзеніне қатысты тақырыпқа баса назар аударылды. Премьер-Министр бұл мәселе бойынша үкіметаралық келісімге қол қоюды ұсынды.
Сонымен қатар логистика, шекара маңы ынтымақтастығы және нақты экономика саласындағы басқа да маңызды мәселелер бойынша өзекті тақырыптар талқыға салынды.
Дмитрий Медведев көршілес мемлекеттердің екіжақты қарым-қатынасы тұрақты әрі жоғары деңгейде екенін атап өтті.
Ақпарат көзі: Kaz.tengrinews.kz
Ұқсас жаңалықтар
«Салауатты ауыл» қатары көбейіп келеді
- 17 қараша, 2024
Зертханалық диагностика мәселелері зерделенді
- 17 қараша, 2024
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді