Алтын алмай, тұрмыс құрмаймын - Жазира Жаппарқұл
Қазақстандық ауыр атлет, Рио Олимпиадасының күміс жүлдегері Жазира Жаппарқұл "Жас қазақ" басылымына берген сұхбатында оған алтын бұйырмағандықтан тұрмысқа шықпайтынын айтты.
"Көңіл-күйім өте жақсы, бәрі ойдағыдай. Өзімнің діттеген мақсатыма жеттім. Енді арманым алдағы уақытта Токио Олимпиадасында жеңіске жету. Бұл Олимпиада мен үшін ерекше өтті. Қолдау көрсеткен барша отандастарыма алғысым шексіз. Ерекше сезімге бөлендім. Жеңістер ешқашан үзілмесе екен деймін. Әлеуметтік желідегі жеке парақшамды ашқанда, мені құттықтаған отандастарымдың жазбаларын көріп қуанып қалдым", - деп келтірді Жазираның сөзін басылым тілшілері.
Сонымен қатар, ол Риода алтын алам деген жоспары болғанын да айтып өтті. "Менің бұл Олимпиададан алтын алам деген жоспарым болған еді. Бірақ ол бұйырмағандықтан, қазір тұрмысқа шықпаймын (күлді). Алтын медаль алғасын тұрмыс құрамын! Келесі жылдан бастап, салмақ өзгереді. Оның қандай болып өзгеретіндігі алдағы уақытта белгілі болады. Бапкерлермен ақылдасамыз", - деді Жазира берген сұхбатында.
Еске салайық, Жазира Жаппарқұл Рио Олимпиадасының күміс жүлдегері атанды. 69 келіге дейінгі салмақта бақ сынайтын Жазира Жаппарқұл жұлқа көтеру жаттығуын 111 келіден бастады. Отандасымыз бұл салмақты оңай еңсерді. Екінші мүмкіндігінде 115 келіге тапсырыс беріп, оны да ойдағыдай көтере білді. Үшінші мүмкіндігінде 117 келі Жазираның ырқына бағынбады. Отандасымыздың басты қарсыласы саналған қытайлық Сян Яньмэй бірінші жаттығуда 116 келіні көтеріп, Жазирадан 1 келіге озып шықты.
Ақпарат көзі: Kaz.tengrinews.kz
Ұқсас жаңалықтар
«Салауатты ауыл» қатары көбейіп келеді
- 17 қараша, 2024
Зертханалық диагностика мәселелері зерделенді
- 17 қараша, 2024
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді