«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Ә.Ниязымбетов ширек финалда түбі шымкенттік боксшымен жұдырықтасады

Ә.Ниязымбетов ширек финалда түбі шымкенттік боксшымен жұдырықтасады
ашық дереккөз
Ә.Ниязымбетов ширек финалда түбі шымкенттік боксшымен жұдырықтасады

Риода өтіп жатқан Олимпиада ойындарында қазақстандық боксшы Әділбек Ниязымбетовтың ширек финалдағы қарсыласы анықталды, деп хабарлайды BNews.kz.

 Vesti.kz хабарлағандай, 15 тамызда 81 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Әділбек Ниязымбетов әзербайжандық Теймур Мамедовпен кездеседі. Жекпе-жек Астана уақыты бойынша сағат таңғы 4:45-те басталады, оны «Хабар» арнасы тікелей эфирде көрсетеді.

23 жастағы Мамедов – Әзербайжанның мықты боксшыларының бірі. Оның спортта қол жеткізген табыстары айтарлықтай. Еуропа чемпионаты мен Еуропа ойындарында жеңіске жетті, ал 2012 жылы Лондон Олимпиадасында қола медаль иеленген. Биылғы Олимпиада ойындарының ашылуында ол Әзербайжан байрағын көтеріп шықты.

Мамедов үшін Қазақстан бөтен ел емес. Оның ата-анасы Шымкент қаласынан екен, ал анасы – қазақ. Теймурдың өзі Қазақстандағы туыстарына қонаққа жиі келіп тұрады.

Әділбек Ниязымбетов 1/8 финалда беларустық Михаил Долголевецті айқын басымдықпен жеңді. 27 жастағы боксшы Олимпиада ойындарында екінші рет бағын сынап отыр. Лондон Олимпиадасында ол финалға жетіп, күміс медаль жеңіп алған болатын.

Олимпиада ойындарының алтыншы күні қазақстандық спортшылар жарыстың төрт түрі бойынша сынға түсті. Өкінішке қарай, дзюдошы Максим Раков (100 келі), боксшы Абылайхан Жүсіпов (64 келі) және 50 метрден пневматикалық винтовкадан оқ ату сайысында сынға түскен Елизавета Король жарысты ерте аяқтады. Ал үш боксышымыз Олимпиада жүлдесі үшін жарыс жолын жалғастыруға мүмкіндік алды.

Ақпарат көзі: BNews.kz 

 

Ұқсас жаңалықтар