Денсаулық
Ақмола облысында бассейнге Дмитрий Баландиннің есімі берілді
- author «Ақ жол»
- 12 тамыз, 2016
- 503
Ақмола облысында бассейнге Дмитрий Баландиннің есімі берілді
Ақмола облысының Ақкөл қаласындағы басcейнге олимипиада чемпионы Дмитрий Баландиннің есімі беріліп отыр. Бұл шешімге жергілікті жастар бастамашылық танытып отыр, деп хабарлады 24.kz телеарнасы.
Белсенділердің бірінің айтуынша, бұл қала жастарының спорттың осы түріне деген қызығушылығын арттыратын болады.
Ақкөл бассейнінің ұзындығы 25 метр, ені 8,5 метр. Мұнда күніне 100 адам келеді. Бір жарым жылдың ішінде 600 бала суда жүзуді үйренді. Оның ішінде 30 бала бүгіндері республикалық чемпионатта облыстың намысын қорғауда.
«Біз балаларды жарыстарға дайындаймыз. Осында үш жыл бойы дайындалып жатқан балалар бар. Ең мықты ондыққа кірдік. Біз олардың дұрыс тәрбиелеуге тырысамыз, олардан чемпион шығатынына сенімдіміз», дейді жатықтырушы Сергей Девятко.
Дмитрий Баландиннің жеңісіне қуанғандардың бірі 10 жастағы Даниил Анушкевич. Жас суда жүзуші брасс және кроль әдісін меңгеруде. Келешекте ол да маңызды бірнеше медаль алатынына сенімді.
«Мен бассейін ашылған күннен бастап, осында келіп жаттығамын. Жеңіс мені қанаттандырып, мен де олимпиада чемпионы болғы келеді. Спортың бұл түрі маған қатты ұнайды», дейді Д.Анушкевич.
Ақпарат көзі: ҚазАқпарат
Ұқсас жаңалықтар
ЖРВИ және тұмаудан сақтану шаралары
- 4 желтоқсан, 2025
Ерте анықтау – аурудың алдын алады
- 4 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




