Әділбек Ниязымбетов те ширек финалға жолдама алды
Бүгін Рио Олимпиадасының алтыншы күні 81 келі салмақта сынға түскен Әділбек Ниязымбетов беларусь боксшысы Михаил Долголевецпен жұдырықтасып, қарсыласын айқын басымдылықпен ұтты.
Бұл туралы Риодағы ҚазАқпарат тілшісі хабарлады.
Әділбек, үш раундыда да тізгінді өз қолында ұстады. Қарсыласы қанша жерден ұмтылғанымен жерлесімізге шамасы жетпеді. осылайша Әділбек ширек финалға өтті. Есеп-3:0.
Бүгін төрт боксшымыз шаршы алаңға шығып, Әділбекпен бірге екеуі келесі айналымға өтсе, біреуі ұтылып қалды. Келесі кезеңге Қайрат Ералиев, Данияр Елеусінов жолдама алса, Абылайхан Жүсіпов Рио Олимпиадасындағы жарысын аяқтады.
Естеріңізге сала кетейік, Олимпиаданың алғашқы жарыс күні 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Берік Әбдірахманов ұтылып қалса, кеше 49 келідегі Біржан Жақыпов ширек финалда қарсыласына жол берді. Бүгін Абылайхан Жүсіпов жарыс жолынан шығып қалды.
Енді жарыс жолында 10 боксшының жетеуі қалды.
Ақпарат көзі: ҚазАқпарат
Ұқсас жаңалықтар
ЖРВИ және тұмаудан сақтану шаралары
- 4 желтоқсан, 2025
Ерте анықтау – аурудың алдын алады
- 4 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




