MEGA зейнетақы қорының қаржысына салынады екен
Mega Center Development БЖЗҚ қаржысын «ЭКСПО» аумағындағы сауда кешенінің құрылысына жіберетіндігі туралы ақпаратты жоққа шығарған жоқ. Холдингке сауалхат жіберген «Радиоточка» осындай жауап алдық деп жазады.
Басылымның жазуынша, компанияның сауда кешеніндегі коммуникация департаменті қойылған 7 сұрақтың біреуіне ғана, оның ішінде сауда кешенінің атауы туралы сұраққа ғана нақты жауап берген. Орталық құрылысы үшін қаржы неліктен екінші деңгейлі банктерден қарыз ретінде алынбады, инвестицияның басқа да түрлері қарастырылды ма деген тәрізді өзге сұрақтар жауапсыз қалған.
Астанадағы «ЭКСПО-2017» аумағындағы Mega Silk Way сауда орталығының құрылысына қажет қаржы компанияның өз есебінен және кепілдігі бар, нарық жағдайында қайта қайтарылуы тиіс ретінде «Бәйтерек Девелопмент» АҚ-дан алынған. Бірақ сауда кешенінің басқармасы нақты қанша қаржы алынғанын жариялаудан бас тартты. «Қаржы көлемі туралы ақпарат және қаржыландыру шарттары құпия және келісім-шартқа байланысты оны жариялай алмаймыз. Толық ақпаратты «Бәйтерек Девелопмент» АҚ-дан ала аласыздар», -деген департаменттен.
Басылымның жазуынша, басты жауап — Mega Center Development құрылыс үшін зейнетақы қорының қаржысын пайдалантындықтарын жоққа шығармайды.
Осыған дейін 14 сәуірде «Астана» арнасында Қазақстан Даму банкі басқарма төрағасының орынбасары Елена Когайдың сұхбаты көрсетілген еді. «Бұл жерде «Бәйтеректің» басқа еншілес ұйымы «Бәйтерек Девелопмент» қатысады. Даму банкі арқылы олар MEGA Silk Way жобасын қолдауды өтінді. Алғашында, 15 млрд теңге деп болжанған еді, кейінірек қаржы әлі тексеріліп, нақтыланады. Мүмкін 15 млрд теңгеден аз болатын шығары, бірақ (осы шамадағы) соманы бөлуді жоспарлап отырмыз», -деген еді ол.
Әзірге «Бәйтерек Девелопмент» АҚ да, Қазақстан Даму банкі де «ЭКСПО» аумағындаңы объект деген сауда кешенінің қалай пайда болғаны туралы және мемлекет үшін оның қандай қажеттілігі бар деген сұрақтарға жауап қайтара қойған жоқ.
Еске салайық, 8 тамызда «Қазақстан даму банкі» Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан алған қаражат «ЭКСПО-2017» аумағындағы объектілердің құрылысын қаржыландыруға жұмсайтындығы белгілі болды. Кейінірек, «ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы бізге артық ақша қажет емес, ал ол объектілердің компанияға да тікелей қатысы жоқ деп жариялады. Ұлттық жинақтаушы қордың қаржысы жұмсалатын инвестициялық жобалардың бірі ретінде компанияның қоғаммен байланыс департаментінің директоры Сергей Куянов MEGA сауда орталығын айтады. Ендеше, расымен де MEGA зейнетақы қорының қаржысына салынатын болғаны ғой?!
Ақпарат көзі: 7KUN
Ұқсас жаңалықтар
«Салауатты ауыл» қатары көбейіп келеді
- 17 қараша, 2024
Зертханалық диагностика мәселелері зерделенді
- 17 қараша, 2024
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді