«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Олимпиада чемпиондары мен жүлдегерлері 14-15 тамыз күні елге оралады

Олимпиада чемпиондары мен жүлдегерлері 14-15 тамыз күні елге оралады
ашық дереккөз
Олимпиада чемпиондары мен жүлдегерлері 14-15 тамыз күні елге оралады
Рио-де-Жанейродағы Олимпиада ойындарының чемпиондары мен жүлдегерлері 14-15 тамыз күні елге орала бастайды. Бұл туралы ҚР МСК Дене шынықтыру және спорт комитеті төрағасының орынбасары Серік Жарасбаев мәлімдеді, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.
 «Біз спортшыларды қалай қарсы алатынымызды жоспарлап қойдық. Үш медаль иегерін 15 тамыз күні Алматы әуежайында күтіп аламыз. Сағат 00:45-те Дмирий Баландин ұшып келеді, 1:30-да Елдос Сметов пен Галбадрах Отгонцэцэг мінген ұшақ қонады. 20 тамыз күні ауыр атлеттер Жазира Жаппарқұл, Карина Горичева, Фархат Харки елге оралады. Құраманың қалған бөлігі 24 тамыз күні жолға шығады», - деді С.Жарасбаев.

Ол Баландинге дейін 44 жыл бұрын КСРО құрамасында өнер көрсеткен қарағандылық Виктор Абоимов жүзушілер арасында жетістікке жеткенін атап өтті.

«Осы сәтті 40 жыл күттік. Бұл жүзу спортында үлкен жетістік, үлкен серпіліс деп ойлаймын. Көптеген адамдар Баландинге сенім артты. Біздің қуанышымызға орай ол Олимпиада чемпионы бола алатынын дәлелдеп берді», - деп толықтырды ол.

 

Ақпарат көзі: BNews.kz 

Ұқсас жаңалықтар