Илья Ильин отандастарын қолдау үшін Риоға аттанды
Белгілі қазақстандық зілтемірші Илья Ильин спортшыларды қолдау үшін XXXI Олимпиада ойындары өтіп жатқан Рио-де-Жайнероға ұшпақ.
«Біздің жігіттер Денис Ұланов пен Александр Зайчиковты қолдауға бара жатырмын», – деп жазды спортшы Инстаграмдағы өзінің парақшасына. Сондай-ақ ол қазақстандықтарды медальдарымен құттықтады. Қазіргі уақытта Қазақстан жалпы медальдық есепте 11 орында. Қоржында – 7 медаль. Бүгін жүзгіш Дмитрий Баландин, зілтемірші Нижан Рахимов олимпиада чемпионы атанды, күміс медальды дзюдошы Елдос Сметов пен зілтемірші Жазира Жаппарқұл еншіледі. Қола медальды дзюдошы Галбадрах Отгонцэцэг, ауыр атлеттер Фархад Харки мен Карина Горичева қанжығаларына байлады. Еске салсақ, Илья Ильин Олимпиадаға допинг жанжалы салдарынан қатыса алмады. 2008, 2012 жж. олимпиадаларындағы допинг сынамалары оң нәтиже көрсетті, екі дүркін олимпиада чемпионы, төрт дүркін әлем чемпионы Илья Ильин жарыстан шеттетілді. Сонымен қатар допинг қолданбағанын дәлелдеу бойынша процесс жалғасуда.Ақпарат көзі: Stan.kz
Ұқсас жаңалықтар
Мақсат – науқастарды қабылдау сапасын жақсарту
- 23 сәуір, 2026
Операция сәтті өтіп, науқастардың жағдайы жақсарған
- 23 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




