Денсаулық
Жеке кәсіп ашуға гранттар беру бойынша конкурс жарияланды
- author «Ақ жол»
- 11 тамыз, 2016
- 548
Жеке кәсіп ашуға гранттар беру бойынша конкурс жарияланды
10 тамызда Астанада «Бизнестің жол картасы - 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы аясында жеке кәсіп ашуға грант алуға өтінімдер қабылдау басталды, деп хабарлады қалалық әкімдіктің баспасөз қызметінен.
Ашық конкурс шеңберінде гранттар кәсіпкерлерге, жас кәсіпкелерге, әйелдерге, мүгедектігі бар адамдарға және 50-ден асқандарға ұсынылады. Өтінімдер 9 қыркүйекке дейін Астана қаласының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасында қабылданады.
Мемлекеттік гранттар экономиканың басым секторлары шеңберінде жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін өтеусіз және қайтарымсыз негізде беріледі. Конкурстық іріктеуге құжаттарды толық көлемде ұсынған Бағдарлама аясында қызмет ететін кәсіпкерлер қатыса алады.
Кәсіпкердің ұсынылып отырған гранттың көлемінен кемінде 10 пайыз мөлшерінде оны іске асыру шығындарын бірге қаржыландыруы болып табылады. Кәсіпкер грант қаражатын негізгі құралдар мен материалдарды, материалдық емес активтерді, технологияларды, франшизаға құқықтарды сатып алу, зерттеу жұмыстарымен және/немесе жаңа технологияларды енгізумен байланысты шығындарға жұмсау мақсатында пайдалана алады.
Грант қаражаты жылжымайтын мүлік, жер учаскесі және жалға алу үшін төлем ретінде пайдаланылмайды.
Бір кәсіпкер үшін гранттың ең жоғары сомасы 3 миллион теңге.
Толық ақпаратпен төменде тіркелген құжаттардан танысуға немесе Бейбітшілік к-сі, 11, 522-каб. мекен жайы бойынша хабарласуға болады, байланыс телефондары: 55-69-95, 55-69-16, 55-69-10, 55-69-21.
Ақпарат көзі: ҚазАқпарат
Ұқсас жаңалықтар
ЖРВИ және тұмаудан сақтану шаралары
- 4 желтоқсан, 2025
Ерте анықтау – аурудың алдын алады
- 4 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




