Жамбылда...
Тараз Тәуелсіздік монументі бой көтеруде Тәуелсіздіктің 25 жылдығы құрметіне Төле би көшесінің бойында монумент құрылысы жүріп жатыр. Бұл үшін облыстық бюджеттен 108 миллион теңге бөлінген. Құрылыс жұмысын «Арай строй маркет» ЖШС жүргізуде. Нысан құрылысы осы айдың аяғында аяқталмақ. Жамбыл Ардагерлер Астанада Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай ауданның 25 ардагері Астанаға аттанды. Олардың бұл сапарына аудан әкімі М.Мұсаев бас болып, аудандық ардагерлер ұйымы қолдап, кәсіпкерлер демеушілік жасады. Ауданның өсіп-өркендеуіне, дамуына өзіндік үлес қосқан ардагерлер Астананың көрікті орындарымен танысып, демалып, тамашалап қайтады. Қордай Алты жыл қаңырап тұрған еді 2010 жылдан бері апатты жағдайда тұрған, есігіне қара құлып ілінген Степной ауылдық мәдениет үйін күрделі жөндеуге биыл бюджеттен 83 миллион теңге қарастырылған болатын. Тендердің жеңімпазы тараздық «Темір Байлық» ЖШС нысанның төбесін бүтіндей жаңартып, есік-терезелерін ауыстырып, іші-сыртын қайта сылап, барынша әрлеп, мәдениет ошағын қазан айында пайдалануға беруді көздеп отыр.
Ұқсас жаңалықтар
ЖРВИ және тұмаудан сақтану шаралары
- 4 желтоқсан, 2025
Ерте анықтау – аурудың алдын алады
- 4 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




