Денсаулық
Қазақстан Президенті Пәкістан Ислам Республикасының Президенті Мамнун Хусейнге Кветта қаласында болған террорлық актіге байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады
- author «Ақ жол»
- 11 тамыз, 2016
- 732
Қазақстан Президенті Пәкістан Ислам Республикасының Президенті Мамнун Хусейнге Кветта қаласында болған террорлық актіге байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады
Жеделхатта Мемлекет басшысының Кветта қаласында болған террорлық акт салдарынан көптеген жазықсыз адамның қаза болғаны туралы суыт хабарды зор күйзеліспен қабылдағаны атап өтілген.
«Қазақстан жаһандық қауіпсіздікке қатер төндіретін халықаралық экстремизм мен терроризмнің әрекеттерін қатаң айыптайды. Әлемдік қауымдастықтың осы қауіп-қатердің таралуына қарсы күрестегі күш-жігерін толық қолдаймыз», – делінген жеделхатта.
Нұрсұлтан Назарбаев қайғыға ортақтаса отырып, Қазақстан халқының және жеке өзінің атынан қаза болғандардың отбасыларына және жақындарына, сондай-ақ барша достас Пәкістан халқына көңіл айтты.
Елбасы зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірді.
Ұқсас жаңалықтар
Мақсат – науқастарды қабылдау сапасын жақсарту
- 23 сәуір, 2026
Операция сәтті өтіп, науқастардың жағдайы жақсарған
- 23 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




