БАҒДАРЛАМА АЯСЫНДА 148 ПӘТЕР БЕРІЛДІ
Кеше Премьер-Министр Кәрім Мәсімовтің төрағалығымен Үкіметтің селекторлық режімдегі кезекті отырысы өтті. Онда «Нұрлы жол» инфрақұрылымды дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы, «100 нақты қадам» – Ұлт жоспарын іске асыру және астық жинау жұмыстарының барысы талқыланды.
Кеңесте Ұлттық экономика вице-министрі Марат Құсайынов осы жылдың 8 айында «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша 8,9 мың шаршы метр тұрғын үй немесе 148 пәтер пайдалануға берілгенін мәлімдеді.
Бұдан өзге, вице-министр «Самұрық-Қазына» қоры бағдарлама операторы жылжымайтын мүлік қорына 42,9 миллиард теңге аударғанын, олар бойынша толық келісім жасалып, тамыз айының ішінде бөлінген қаражат игеріле бастайтынын айтты. Жалпы, мемлекеттік бағдарлама аясында бөлінген Ұлттық қор қаражатын игеруде жоспар кешеуілдеп орындалуда.
Сонымен қатар, «Нұрлы жол» инфрақұрылымды дамыту мемлекеттік бағдарламасы бойынша елде 13 мектеп пен 8 балабақша салынған. Бұл туралы аталған жиын барысында ҚР Білім және ғылым вице-министрі Бибігүл Асылова мәлімдеді.
«Ағымдағы жылы Ұлттық қор қаражаты есебінен білім беру нысандарын салуға 57,9 миллиард теңге бөлінді, соның нәтижесінде 96 нысан салынып жатыр, оның 77-і мектеп және 19-ы балабақша», – деді Білім және ғылым вице-министрі.
Келесі кезекте «100 нақты қадам» – Ұлт жоспарын іске асыру мен астық жинау жұмыстарының барысы талқыланды. Аталған мәселелер бойынша өңір басшыларының да мәліметін тыңдаған Үкімет басшысы тиісті министрліктер мен облыс әкімдеріне және осы мәселелерді тікелей қадағалайтын облыс әкімдерінің орынбасарларына нақты тапсырмалар берді.
Селекторлық кеңесте айтылған мәселелер мен берілген тапсырмалардың орындалуын үйлестіру үшін облыс әкімі Кәрім Көкірекбаев орынбасарлары Бекболат Орынбеков пен Тимур Жанкеге бірқатар жұмыстар жүктеді. Олардың қатарында «Нұрлы жол» және «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламаларының жүзеге асырылуы, Тараз қаласындағы жылу жүйелерінің жаңғыртылуы, қаржы игеру, облысқа инвестиция тарту, астық ору науқанын аяқтау мен дизельді отын мен мазут қорын жинақтау мәселелері бар.
Маржан РАҚАЙ, «Ақ жол».
Ұқсас жаңалықтар
«Салауатты ауыл» қатары көбейіп келеді
- 17 қараша, 2024
Зертханалық диагностика мәселелері зерделенді
- 17 қараша, 2024
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді