Денсаулық
ҚР БҒМ үштілді білім беру жүйесіне өтетін нақты уақытты мәлімдеді
- author «Ақ жол»
- 11 тамыз, 2016
- 465
ҚР БҒМ үштілді білім беру жүйесіне өтетін нақты уақытты мәлімдеді
ҚР Білім және ғылым министрлігі еліміздегі мектептердің үштілді білім беру жүйесіне 2019 жылдан бастап өтетінін мәлімдеді. Бұған дейін үлкен дауға ұласқан осынау реформаны 2016 жылдың қыркүйегінен бастап немесе 2023 жылы енгізеді деген алыпқашпа әңгіме ел ішінде желдей гулеген болатын.
Алыпқашпа әңгіменің өршуіне себеп болған министр Ерлан Сағадиевтің өзі еді. Алматыдағы жиындардың бірінде ол 2016 жылдың 1 қыркүйегінен бастап елдегі орта оқу орындары үш тілде білім беретінін сүйіншілеп жеткізді. Алайда, оның бұл бастамасын қолдаушылардан қарағанда қарсы шыққандардың саны әлдеқайда көп болды. Ғалымдар, қоғам белсенділері, тіпті мұғалімдердің өздері де Сағадиевтің реформасы Қазақстан болашағы үшін үлкен қауіп төндіретінін мәлімдеп отыр. Кейін, халық тынышталсын деді ме, 2016 жыл 2023-ке қарай жылжыды.
Енді министрлік үштілділік реформасын 2019 жылдан бастағанды жөн көріп отыр. Кеше ведомствоның Фэйсбуктегі ресми парақшасында мынадай анықтама-брошюралар пайда болды. Яғни, өзгешелік алдымен тек 10-11 сынып оқушыларын қамтыса, өзге сыныптардың тағдыры әзірге айтылмай отыр.
Ақпарат көзі: Alashainasy.kz
Ұқсас жаңалықтар
ЖРВИ және тұмаудан сақтану шаралары
- 4 желтоқсан, 2025
Ерте анықтау – аурудың алдын алады
- 4 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




