«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Рио-2016: Бүгін қазақстандық спортшылар спорттың үш түрінен өнер көрсетеді

Рио-2016: Бүгін қазақстандық спортшылар спорттың үш түрінен өнер көрсетеді
ашық дереккөз
Рио-2016: Бүгін қазақстандық спортшылар спорттың үш түрінен өнер көрсетеді
11 тамызда қазақстандықтар Рио-де-Жанейродағы олимпиадалық ойындарда спорттың үш түрі бойынша сайысқа түседі, деп хабарлады ҚазАқпарат тілшісі. Рио-де-Жанейро уақытымен 11 тамызда 18:00-де әйелдер арасында 50 метрлік қашықтықтан пневматикалық винтовкадан оқ атудан Елизавета Король ел намысын қорғайтын болады. Ал осы күні сағат 19:45-те дзюдодан 100 келі салмақта Максим Раков боз кілемге шығады. Ал финалдық айқастар 00:40-та басталады. Егер Раков алғашқы іріктеулерден сүрінбей өтсе осы уақытта финалдық белдесуін тамашалайтын боламыз. Ал 02:30 да бокстан ерлер арасында 56 келіде Қайрат Ералиев, сағат түнгі 3:15-те 64 келіде Абылайхан Жүсіпов, сағат 4:15-те 69 келіде Данияр Елеусінов, 4:45-те 81 келіде Әділбек Ниязымбетов жарыс жолына шығады. Еске сала кетейік, жарыстың алғашқы күнінде дзюдодан ерлер арасында 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен Елдос Сметов ел қоржынына күміс жүлде салса, 48 келіге дейінгі салмақта әйелдер арасында жарысқа қатысқан Отгонцэцэг Галбадрах Олимпиада ойындарының қола жүлдегері атанды. Ал үшінші медальді қоржынға ауыр атлет Фархад Харки салды. Ол ерлер арасындағы 62 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен болатын. Олимпиаданың төртінші күні тағы бір ауыр атлет қызымыз Карина Горичева 63 келі салмақта төртінші медальді ел қоржынына салса, бүгін Олимпиаданың бесінші күні екі ауыр атлетіміз Ниджат Рахимов пен қазақ қызы Жазира Жаппарқұл 1 алтын, 1 күміс медаль жеңіп алды. 200 метр қашықтыққа суға жүзуден тағы бір отандасымыз Дмитрий Баландин Қазақстан қоржынына екінші алтын медальды салды.

 Ақпарат көзі: ҚазАқпарат

Ұқсас жаңалықтар