Рио-2016: Қазақстан 27-орыннан 12-орынға көтерілді
Бүгін Рио-де-Жанейрода өтіп жатқан ХХХІ Олимпиада ойындарында ауыр атлеттеріміз Ниджат Рахимовтың алтынымен Жазира Жаппарқұлдың күмісінен кейін, Қазақстан жалпы есепте 27-орыннан бірден 12-орынға көтерілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Рио Олимпиадасының көрігі күн өткен сайын қызып келеді. Дәл қазірге дейін, 51 мемлекет Рио Олимпиадасының медалін алып үлгерген. Қазақстан қоржынынына бүгін ауыр атлеттеріміз Ниджат Рахимов алғашқы алтынды, ал Жазира екінші күміс медальды салып, 1 алтын, 2 күміс, 3 қола медальмен 12-орынға көтерілдік.
Ал АҚШ алтын медальдар санын 10-ға жеткізіп, көш бастап келеді. Олардың еншісінде 10 алтын, 9 күміс, 9 қола бар. Екінші орында 9 алтын, 4 күміс, 8 қола жеңіп алған Қытай құрамасы келеді. Ал үшінші орынға 6 алтын, 1 күміс, 10 қола медальді иеленген Жапония спортшылары көтерілді..
Еске сала кетейік, жарыстың алғашқы күнінде дзюдодан ерлер арасында 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен Елдос Сметов ел қоржынына күміс жүлде салса, 48 келіге дейінгі салмақта әйелдер арасында жарысқа қатысқан Отгонцэцэг Галбадрах Олимпиада ойындарының қола жүлдегері атанды. Ал үшінші медальді қоржынға ауыр атлет Фархад Харки салды. Ол ерлер арасындағы 62 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен болатын. Олимпиаданың төртінші күні тағы бір ауыр атлет қызымыз Карина Горичева 63 келі салмақта төртінші медальді ел қоржынына салса, бүгін Олимпиаданың бесінші күні екі ауыр атлетіміз Ниджат Рахимов пен қазақтың қызы Жазира Жаппарқұл 1 алтын, 1 күміс медаль олжалап, мерейімізді бір көтеріп тастады.
Ақпарат көзі: ҚазАқпарат
Ұқсас жаңалықтар
ЖРВИ және тұмаудан сақтану шаралары
- 4 желтоқсан, 2025
Ерте анықтау – аурудың алдын алады
- 4 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




