Денсаулық
Ниджат Рахимов Қазақстан қоржынына алғашқы алтынды салды
- author «Ақ жол»
- 11 тамыз, 2016
- 446
Ниджат Рахимов Қазақстан қоржынына алғашқы алтынды салды
Рио-де-Жанейрода өтіп жатқан ХХХІ Олимпиада ойындарының бесінші күні қазақстан қоржыны алғашқы алтынмен толықты. Оны 77 келіде ерлер арасында өнер көрсеткен ауыр атлетіміз Ниджат Рахимов жеңіп алды. Бұл туралы Риодағы ҚазАқпарат тілшісі хабарлады.
Ниджат жұлқа көтеру сайысын 165 келімен үшінші болып аяқтаған еді. Ал осы сайыста 177 келі зілтемірді көтеріп, жерлесімізден 12 келіге асып кеткен болатын.
Алайда, серпе көтеруде қазақстандық спортшының жұлдызы жанып, 214 келіні басынан асырып, басты қарсыласынан Рио олимпиадасының алтынын тартып алды. Сөйтіп, қоссайыстың қорытындысы бойынша 379 (165+214) келі нәтиже көрсетті.
Қытайлық Люй Сяоцзюнь 202 келіден артық көтере алмады.
Естеріңізге сала кетейік, осыдан бір сағат бұрын Рио-де-Жанейрода өтіп жатқан ХХХІ Олимпиада ойындарында Жазира Жаппарқұл қазақ қыздарынан тұғыш болып, Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері атанды. Барша Алаштың арманын орындаған қаракөз қарындасымызға Алаш жұрты ақ тілектерін жаудырды.
Осылайша, бүгін Қазақстан қоржынына бір алтын, бір күміс медаль түсті.
Ақпарат көзі: ҚазАқпарат
Ұқсас жаңалықтар
ЖРВИ және тұмаудан сақтану шаралары
- 4 желтоқсан, 2025
Ерте анықтау – аурудың алдын алады
- 4 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




