Денсаулық
Рио-2016: Біржан Жақыпов өзбек боксшысынан жеңіліп қалды
- author «Ақ жол»
- 11 тамыз, 2016
- 710
Рио-2016: Біржан Жақыпов өзбек боксшысынан жеңіліп қалды
Бүгін Рио-де-Жанейрода өтіп жатқан ХХХІ Олимпиада ойындарында ширек финалда 49 келіде бокстансқан Біржан Жақыпов өзбек боксшысынан жеңіліп қалды.
Бұл туралы Риодағы ҚазАқпарат тілшісі хабарлады.
Біржан Жақыпов өзбек боксшысы Хасанбай Дусматовтан айласын асыра алмады. Есеп 0:3.
Біржан осыған дейін намибиялық Маттиас Хамуньелмен жұдырықтасып, оны айқын басымдылықпен ұтқан болатын. Өкінішке қарай, бүгін өзбек боксшысына шамасы жетпеді.
Бұл Біржанның қатысып жатқан үшінші олимпиадасы. Ер кезегі үшке дейін деп биыл қалайда Қазақстан қоржынына бір медаль салады деп үміттенген болатынбыз. Алайда ол үмітті жел айдап кетті.
Енді санаулы минуттардан кейін шаршы алаңға 91 келі салмақта Василий Левит шығып, мавританиялық боксшы Кеннеди Сен Пьермен жұдырықтасады.
Естеріңізге сала кетейік, қазақ боксшыларынан Олимпиаданың алғашқы күні 60 келідегі Берік Әбдірахманов АҚШ боксшысы Карлос Баль Дерастен жеңіліп қалған болатын. Бүгін екінші боксшымыз жарыс жолынан шығып қалды.
Ақпарат көзі: ҚазАқпарат
Ұқсас жаңалықтар
Мақсат – науқастарды қабылдау сапасын жақсарту
- 23 сәуір, 2026
Операция сәтті өтіп, науқастардың жағдайы жақсарған
- 23 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




