«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Судья Руслан Күлікбаевтың қандай жағдайда өлім жазасына кесілуі мүмкін екенін айтты

Судья Руслан Күлікбаевтың қандай жағдайда өлім жазасына кесілуі мүмкін екенін айтты
ашық дереккөз
Судья Руслан Күлікбаевтың қандай жағдайда өлім жазасына кесілуі мүмкін екенін айтты

Биыл қыркүйек айында елімізде өлім жазасына жарияланған мораторийдің мерзімі аяқталады. Алматы қалалық соты қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық сот алқасының төрағасы Бақытжан Қараманов бірнеше адамның өмірін қиған қызылордалық Руслан Күлікбаев қандай жағдайда өлім жазасына кесілуі мүмкін екенін айтып берді.

09230b99-ff9b-4120-95a5-33fcc45fc0b4 Бұл туралы BNews.kz хабарлайды.

«Мораторийдің мерзімі әлі аяқталған жоқ, алайда оны қайтадан созуы мүмкін. Егер мерзімі ұзартылмаса, онда Руслан Күлікбаевты өлім жазасына кесе алады. Мұндай ықтималды ескермеуге болмайды. Ол үшін заңда бұл жаза түрі қай күннен бастап қолданысқа енетіні анық көрсетілуі тиіс. Егер заңда өлім жазасын 2016 жылдың басынан бері жасалған қылмыстарға қатысты қолдануға болады деп жазылса, онда Күлікбаевтің ісі осы бап бойынша қаралады. Егер де 2017 жылдың басынан болса, онда Күлікбаев өлім жазасына «кандидат» ретінде қарастырылмайды», – деп түсіндірді судья.

Айта кетсек, 2003 жылдың 17 желтоқсанында Мемлекет басшысы елімізде өлім жазасына мораторий жариялау туралы Жарлыққа қол қойған еді. Қазақстанда өлім жазасын кезең-кезеңмен алып тастау саясаты 1994 жылдан бастап жүргізілді.

Бұған дейін бірқатар бап бойынша Руслан Күлікбаев өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін екенін хабарлаған едік.

Еске сала кетсек, 18 шілде күні Алмалы аудандық полиция басқармасына, сосын ҰҚК департаменті ғимаратына шабуыл жасалды. Нәтижесінде 6 адам қаза тауып (үш полицей, бір шекара қызметкері және бір бейбіт тұрғын), 8 адам зардап шекті. Билік аталған оқиғаға теракт деп баға берді. Ал ұсталған күдікті бұрын сотталған 26 жастағы Қызылорда облысының тумасы екен. Тергеу барысында күдікті әдейі полицейлерді ғана таңдағанын, бейбіт тұрғындарға оқ атпағанын айтқан. Ол бұл әрекетке құқық қорғау органдарынан кек алу үшін барыпты.  

Ақпарат көзі: Stan.kz

Ұқсас жаңалықтар