Денсаулық
Қазақстан Республикасының ішкі нарығында сұйытылған мұнай газына баға белгілеу жөнінде түсініктеме
- author «Ақ жол»
- 10 тамыз, 2016
- 253
Қазақстан Республикасының ішкі нарығында сұйытылған мұнай газына баға белгілеу жөнінде түсініктеме
Соңғы уақытта сұйытылған мұнай газының ішкі нарығында тұрақты емес жағдай орын алды. Қазақстан Республикасының жекелеген өңірлерінде бұл отын түріне деген тапшылық байқалады.
Бұл мәселе ҚР Премьер-министрінің төрағалығымен ағымдағы жылдың 19 мамыры мен 22 маусымында өткен Мұнайгаз және энергетика салаларын дамыту жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысында қаралған болатын. 2016 жылғы 19 мамырдағы ВАК мәжілісінің қорытындысы бойынша ҚР Энергетика министрлігімен ведомствоаралық жұмыс тобы құрылды. Аталған жұмыс тобына ҚР Ұлттық экономика министрлігі, «Kazеnergy» қауымдастығы, ҚР «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, «ҚазМұнайГаз» ӨД» АҚ және «ҚазТрансГаз» АҚ өкілдері қатысады.
Белгілі болғандай, көтерме бағасы жоғары көршілес елдер (Ресейде – тоннасы 59 019 теңге, Тәжікстанда – тоннасы 104 864 теңге) нарығына жанар-жағар май жеткізу сатып іске асырушылар үшін тиімді болып тұр. Сонымен қатар, ағымдағы жылғы тоннасы 11 034 теңге болатын бұрынғы көтерме шекті бағадан сұйытылған газ өндіруші зауыттар шығын шеккен еді. Сондай-ақ әлемдік нарықтағы газ бағасының өсу факторын да ескеру керек. Осыған байланысты ішкі нарықта сұйытылған мұнай газына баға белгілеудің тиімді механизмі қабылданды. Оның ішінде ҚР ішкі нарығы үшін газ өндіруші зауыттардан газды көтерме саудада өткізудің шекті бағасын көтеру мәселесі мақұлданды.
Көтерме шекті бағаны тоннасы 23 106,45 теңгеге дейін көтеру көлік шығыны және газ желісі ұйымдарының басқа да шығындары, оның ішінде газды сатып алып қайта саудалауды қысқарту есебінен бөлшектік саудада баға біршама өспейді деп есептейміз.
ҚР ҰЭМ ТМРжБҚК-ге доминант-компаниялар үшін бөлшектік сауда бағасын реттеу кезінде тікелей зауыттардан шыққан газды кепілдік сатып алу бағасын ескеру қажеттігі туралы ақпарат берілді. Біздің ойымызша бұл түпкілікті бағаны ұстап тұруға мүмкіндік береді.
Сонымен қатар, министрлік 2013 жылы көтерме шекті баға тоннасына 32 643 теңге болған кезінде бөлшектік саудада тоннасына орташа баға 99 059 теңгені құрағаны туралы талдау жасаған. Ал, 2016 жылы көтерме шекті баға тоннасына 11 034 теңге болғанда бөлшектік саудада орташа баға тоннасына 84 404 теңгені құрап отыр. Осылайша, көтерме шекті баға 32 643 теңгеден 11 034 теңгеге дейін төмендегенімен, бөлшектік саудада бағаның дәл осылай төмендеуі байқалмайды. Бұл жағдай газ желісі ұйымдарының газды сатып алып қайта саудалауы және олардың арасындағы келісімшарттар негізінде бөлшектік сауда бағасы қалыптастырумен байланысты.
Осы проблеманы жою мақсатымен ҚР «Газ және газбен жабдықтау туралы» заңына өзгерістер енгізілді. Заңға енген өзгеріс бойынша газ желісі ұйымдары арасында газды сатып алып қайта саудалауға тыйым салынған. Бұл өзгеріс ағымдағы жылдың 1 шілдесінен күшінен енді.
Сондай-ақ, әкімдіктерге, ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетіне өңірлерде әлеуметтік шиеленісті болдырмау мақсатында осы мәселені бақылауда ұстау туралы ұсыным жасалғанын хабарлаймыз.
Газ желісі ұйымдары арасында газды көтерме саудада іске асыру фактілері анықталғанда, ҚР «Әкімшілік құқықбұзушылық туралы» кодексіне сәйкес аталған субъектілер әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Бұдан басқа, бөлшектік саудада бағаны негізсіз өсіру фактілері анықталған жағдайда газ өндіруші зауыттардан газды саудалап іске асырушы компаниялар үшін беруді шектеу туралы мәселе қарастырылатын болады.
Қазақстан Республикасы Энергетика Министрлігі
Ұқсас жаңалықтар
«Салауатты ауыл» қатары көбейіп келеді
- 17 қараша, 2024
Зертханалық диагностика мәселелері зерделенді
- 17 қараша, 2024
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді