Сырдың тәтті қауыны Ресейде сатылып жатыр
Сырдың тәтті қауыны сыртқы нарыққа шығарылып, Ресейдің ірі сауда орындарында сатылып жатыр. Өңірдің күріштен кейінгі басты брендіне айналған дәмі тіл үйіретін қауын-қарбыз көрші елге тонналап жеткізілуде. Мәселен, тек Жалағаш ауданы Жаңадария ауылының шаруаларының өзі 20 тонна бақша дақылдарын жөнелткен. Олар жиын-терім науқаны аяқталғанша, бұл көрсеткішті үш жүз тоннаға жеткізуді діттеп отыр. Ешқандай химиялық қоспасыз күтіп-бапталған Мырзашөл, Жиенбай және торлама қауындарына сұраныс жоғары. Биыл аймақтағы жері құнарлы алқаптар игеріліп, шаруа қожалықтарына берілетін субсидия көлемі ұлғайтылды. Әр гектарға кеткен шығынның 45%-ы мемлекет тарапынан өтеледі. Жалпы, облыстың Жаңақорған, Шиелі, Сырдария және Жалағаш аудандарының өнімдері еліміздің өзге өңірлері мен көршілес мемлекеттерге көптеп саудаланып жатыр.
Омархан Пәшкенов, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары: - Бақша дақылымен қазіргі кезде әртараптандыру бағдарламасына байланысты шындап айналысатын кез келді. Осыған байланысты аудан тарапынан, ауыл шаруашылығы басқармасы тарапынан осындай жұмыстар атқарылуда. Бақшаны өткізу жөнінде осы уақытқа дейін жалпылама келісімшарт, меморандум болды. Енді шаруашылық құрылымдары осы кезде сол жақтағы қабылдау кәсіпорындарымен нақты жұмыс істеп жатыр. Ақпарат көзі: www.24.kz
Ұқсас жаңалықтар
ЖРВИ және тұмаудан сақтану шаралары
- 4 желтоқсан, 2025
Ерте анықтау – аурудың алдын алады
- 4 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




