Денсаулық
Пеле Рио-де-Жанейродағы Олимпиада ойындарының жабылу салтанатына қатысуға уәде берді
- author «Ақ жол»
- 10 тамыз, 2016
- 698
Пеле Рио-де-Жанейродағы Олимпиада ойындарының жабылу салтанатына қатысуға уәде берді
Аты аңызға айналған футболшы, үш дүркін әлем чемпионы Пеле Рио-де-Жанейродағы Олимпиада ойындарының жабылу салтанатына қатысуға уәде берді. Ол бұл туралы өзінің твиттер парақшасында мәлім етті.
«Мен физиотерапия алуды жалғастырып жатырмын және 21 тамыз күні мерекелік іс-шараның жабылуына қатысуға ниеттімін. Сіздерді жақсы көремін», - деп жазады әйгілі футболшы өзінің твиттер жеке парақшасына.
Еске сала кетейік, Пеле Рио-де-Жанейро олимпиадасының салтанатты ашылуында төртжылдық доданың алауын тұтатады деп жоспарланған болатын. Алайда, ол бүкіл әлем алдына сүйеніш таяғымен шығуды қаламады.
Нәтижесінде, 5 тамыз күні Олимпиада ойындарының ашылу салтанаты кезінде олимпиада алауын 2004 жылы Афинада өткен Олимпиада ойындарында марафон жүгіруде қола жүлде иеленген 46 жастағы Вандерлей Кордейру ди Лима жақты.
Ақпарат көзі: ҚазАқпарат
Ұқсас жаңалықтар
Мақсат – науқастарды қабылдау сапасын жақсарту
- 23 сәуір, 2026
Операция сәтті өтіп, науқастардың жағдайы жақсарған
- 23 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




