«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Карина Горичева: Мойыныма Олимпиада медалін ілгенде барлық ауыртпалықтарды ұмытып кеттім

Карина Горичева: Мойыныма Олимпиада медалін ілгенде барлық ауыртпалықтарды ұмытып кеттім
ашық дереккөз
Карина Горичева: Мойыныма Олимпиада медалін ілгенде барлық ауыртпалықтарды ұмытып кеттім
Карина Горичева жеңісінен кейінгі әсерімен бөлісті, деп хабарлады Риодағы ҚазАқпарат тілшісі. Бүгін Қазақстан қоржынына үшінші қола мелальды сыйлаған ауыратлет аруымыз жеңісінен кейін, қазақстандық тілшілерге сұхбат беріп, әсерімен бөлісті. Ол тілшілерге берген сұхбатында алғашқы Олимпиадада жүлдегер атанғанына қатты қуанышты екенін айтып берді. "Дәл бүгінгідей қуанып көрген жоқ шығармын. Қазір қуанышымда шек жоқ",  - деп атап өтті. Сондай-ақ, өзінің жарыстағы көтерген салмағына көңілі толмайтынын да айтты. "Бүгін жарыста жаттығу кезіндегі оп-оңай көтеріп жүрген салмақты көтере алмадым. Олимпиаданың ауа райы бөлек екен. Аздап қобалжыдым. Содан болар, ойлаған салмақты еңсере алмадым. Әр жарыс жауапкершілікті талап етеді. Бірақ, Олимпиаданың жауапкершілігі одан да күшті екенін байқадым. Олимпиада медалін мойыныма ілгенде, осы күнге дейінгі болған бар ауыр күндерімді, ауыр жаттығуларымды, тіпті жарыстарда, жаттығуларда алған жарақаттарымды да ұмытып кеттім. Бұл медаль менің ғана емес, еліміздің медалі", - деп атап өтті Рио Олимпиадасының қола жүлдегері Горичева. Сонымен бірге өзін қолдаған жанкүйерлеріне де қатты разы болғанын айтты. "Мен жарысқа шыққанда қазақстандық жанкүйерлер көп болды. мені қолдап, айғайлады. Осындай қолдау жасаған Риодағы және еліміздегі барлық жанкүйерлерге алғысым шексіз", - деді Горичева. Ол болашақ жоспарларымен де бөлісуді есінен шығарған жоқ. "Енді елге аман-есен жеткен соң, қаңтар айына дейін отбасыммен бірге демаламын. осы үзілістен кейін жаңа 69 келі салмаққа ауысып, жаттығуға қайта кірісетін болам", - деді бүгін Қазақстан қоржынына төртінші медалді сыйлаған аруымыз.

 Ақпарат көзі: ҚазАқпарат

Ұқсас жаңалықтар