Денсаулық
Мырзағали Айтжанов: Біздің спортшыларға Рионың ауа райы жағып тұр
- author «Ақ жол»
- 10 тамыз, 2016
- 200
Мырзағали Айтжанов: Біздің спортшыларға Рионың ауа райы жағып тұр
Біздің спортшыларға Рионың ауа райы өте ыңғайлы болып тұр. Бұл туралы бүгін Риодағы ҚазАқпарат тілшісіне бокстан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Мырзағали Айтжанов мәлім етті.
"Біз бүгін ертеңгі жарысқа дайындығымызды пысықтап жатырмыз. Алла қаласа, келесі күні де жақсы көңіл-күймен жарысқа шығатын боламыз. Ауа райы да біз келгелі өте тамаша болып тұр. Біз соңғы жаттығуымызды Астанада өткіздік. Қазіргі Рионың ауа райы тура Астананікімен бірдей. Бұл боксшыларымызға ғана емес, барлық қазақстандық спортшыларға жақсы көңіл-күй сыйлап жатыр. Егер ми қайнаған ыстық болғанда, спортшыларымыздың жаттығуына қалайда кері әсері болары сөзсіз еді", - деп атап өтті бас бапкер.
Естеріңізге сала кетейік, бүгін Қазақстан қоржынына үшінші қола медаль түсті. Оны 63 келідегі ауыр атлет қызымыз Карина Горичева олжалады.
Ал кеше ерлер арасында сынға түскен тағы бір ауыр атлетіміз Фархад Харки екінші қола медальді жеңіп алғаны есімізде.
Сондай-ақ, Олимпиаданың бірінші күні дзюдошыларымыз Елдос Сметов күміс, Галбадрах Отгонцэцег қола медальдарды жеңіп алған болатын.
Ақпарат көзі: ҚазАқпарат
Ұқсас жаңалықтар
«Салауатты ауыл» қатары көбейіп келеді
- 17 қараша, 2024
Зертханалық диагностика мәселелері зерделенді
- 17 қараша, 2024
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді