Денсаулық
Карина Горичева жұлқа көтеруден 111 келіні бағындырып, 2-орынды иеленді
- author «Ақ жол»
- 10 тамыз, 2016
- 453

Карина Горичева жұлқа көтеруден 111 келіні бағындырып, 2-орынды иеленді
Ауыр атлетикадан тура қазір өтіп жатқан әйелдер арасындағы додада жерлесіміз Карина Горичева алғашқы жұлқа көтеру сайысын 111 келімен аяқтады.
Бұл туралы Риода жүрген ҚазАқпарат тілшісі хабарлайды.
Ол бірінші мүмкіндігінде 107 келіні бағындыра алмады. Ал екінші мүмкіндігінде тура осы салмақты қиналмай бағындырды. Үшінші 111 келі зілтемірді басынан асыра көтерді. Осылайша қоссайыстың алғашқы алғашқы жаттығуын орынмен аяқтады.
Енді санаулы минуттардан кейін серпе көтеру сайыстары басталады.
Горичева ауыр атлетиканы 15 жасынан бері айналысып келеді. Ол ерекше дарынды балаларға арналған республикалық мектеп-интернатының түлегі.
Ол жасөспірімдер арасындағы Әлем чемпионатының күміс, қола жүлдегері және жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатының қол жүлдегері.
Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегі спорт шебері.
Естеріңізге сала кетейік, Олимпиаданың бірінші күні дзюдошы Елдос Сметов күміс, Галбадрах Отгонцэцег қола медаль еншілесе, кеше ауыр атлет Фархад Харки үшінші медальді ел қоржынына салды. Сондай-ақ, айта кетейік, жарыстың бірінші күні Маргарита Елисеева бесінші орынға, екінші күні Арли Чонтей төртінші орынға табан тіреген болатын.
Ақпарат көзі: ҚазАқпарат
Ұқсас жаңалықтар
Жүкті әйелдерге кеңес беретін орталық ашылды
- 14 тамыз, 2025
Жедел ішек инфекцияларының алдын алу аса маңызды
- 2 тамыз, 2025
Ақпарат
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Қоғамдық көлік: саны да сапасы да артып келеді
- 17 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді