Денсаулық
Жыл басынан Қазақстан жолдарында 1200-ден астам адам көз жұмды
- author «Ақ жол»
- 9 тамыз, 2016
- 267
Жыл басынан Қазақстан жолдарында 1200-ден астам адам көз жұмды
Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің статистикалық деректеріне қарағанда, биылғы 7 айда 9 941 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, оның салдарынан 14 мың адам зардап шекті. Олардың арасында 1228 адам қаза болып, қалғандары түрлі деңгейде жарақат алды.
Статистикалық көрсеткіштерге қарағанда, жол апаттарының себептері өзгермей тұр. Жалпы, 90 пайыздан артық ЖКО Жол қозғалысы ережелерін бұзатын жүргізушілердің кінәсінен болады. Сонымен, олардың кінәсінен 9490 апат жасалған, оның ішінде 337-сі алкогольдік және есірткілік мас күйінде болған жүргізушілердің кінәсінен орын алған.
Биылғы жылы қоғамдық көліктің қатысуымен 645 ЖКО орын алып, онда 48 адам қаза болды, 896-сы жарақаттанды.
Айта кетейік, «Мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитет адамдардың өліміне немесе жарақаттануына алып келген жол-көлік оқиғаларын ғана есепке алады.
Ақпарат көзі: ҚазАқпарат
Ұқсас жаңалықтар
«Салауатты ауыл» қатары көбейіп келеді
- 17 қараша, 2024
Зертханалық диагностика мәселелері зерделенді
- 17 қараша, 2024
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді