ШЫҰ көрмеге қатысады
Жуырда ҚХР-дағы ҚР Елшісі Шахрат Нұрышев Шанхай ынтымақтастық ұйымының (ШЫҰ) Бас хатшысы Рашид Алимовке ЭКСПО – 2017 ШЫҰ-ның халықаралық мамандандырылған көрмесіне қатысуы туралы шақыру хатын табыстады.
Р.Алимов ШЫҰ-ның ЭКСПО – 2017 көрмесіне қатысуға барынша ынталы екенін мәлімдеді. Ол әлемдік қауымдастық үшін көрменің таңдап алған «Болашақ энергиясы» тақырыбы өте өзекті екенін айта келе, хатшылық жасыл технология саласында жаңа идеяларын таныстыруға әзір екенін жеткізді.
ШЫҰ Бас хатшысының орынбасары Сабыр Имандосов ЭКСПО – 2017 көрмесіне ұйымның атынан комиссар болып тағайындалды. Енді ол ШЫҰ-ның ЭКСПО-дағы барлық ұйымдастыру жұмыстарымен айналысатын болады.
«Ақ жол-Ақпарат»
Ұқсас жаңалықтар
ЖРВИ және тұмаудан сақтану шаралары
- 4 желтоқсан, 2025
Ерте анықтау – аурудың алдын алады
- 4 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




