«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Uber жұмысын бастады

Uber жұмысын бастады
ашық дереккөз
Uber жұмысын бастады
Шілде айынан бастап қала тұрғындары мен қонақтары смартфондағы бір нүкте арқылы автомобиль шақыра алады. UberX-ті мынадай тарифтер бойынша пайдалана алады: автомобиль келгені үшін – 170 теңге, 1 шақырымға 40 теңге және 1 минутқа – 5 теңге (шақырым мен минут құны бірге есептеледі). Мысалы, Жібек жолы көшесінің жүргінші аумағынан («Арбат») Республика алаңына дейінгі (Жаңа алаң) баға 400 теңгеге тең. М.Әуезов атындағы драма театрынан 28 гвардияшы-панфиловшылар паркіне дейінгі жол жүру құны – 416-499 теңге, ал Орталық демалыс паркінен (бұрынғы Горький паркі) циркке дейін 458-555 теңге болады. Ал қаланың кез-келген нүктесінен әуежайға дейінгі және «Медеу» курортына дейінгі жолақысы 2500 теңгені құрайды. Компанияның мәлімдеуінше, Алматыдағы Uber платформасында тек техникалық жағдайы өте жақсы, 7 жылдан аспаған шетелдік маркалы автомобильдер («Toyota Camry», «Hyundai Accent», «Kia Rio» және т.б) жұмыс істейді.  

Ұқсас жаңалықтар