Жаңбырлы жаз
Қара жер емес, қара тасқа оңайлықпен қайдан сіңсін. Қаланың қақ ортасында ыза суы кілкіп жатыр. Аспанның түбі тесіліп кеткен бе, зеңгір көктің жауын-жасы ала жаздай тыйылмады. Жер-ана үнсіз. Тас асфальт меңіреу.
Ақ нөсер әп-сәтте бетімді жуып, мойныма құйылды. Қара түнмен тұтасып кеткен қара аспанға қарадым. Көлшік суы көлкілдеп кеп табаныма тиді. Жұмыстан кештеу шығып, езіліп шаршап тұрғам. Есімді тез жидым.
Бала кезімде нөсер жауынның астында малмандай су болғанша жүргенді ұнататынмын. Шелектеп жауған жаңбырдың екпінінен алапат сағынышты сезетінмін, әйтеуір. Іштей сезгенімнің әсерінен айыға алмай, жауынға бетімді жуғызып, далада ұзақ жүретінмін.
Әкем өмірден өткенде көктемнің ақ жауыны басталған. Аптадан айға ұласты. Ол дүниеге келгенде де дәл осылай нөсерлеп жаңбыр жауыпты дейді... Әйтеуір сол көктем жаңбырлы болды.
Нөсер басылар емес. Бала күнімдегідей жауынның астында тұра бергім келді. Бірақ, сол кездегідей алып-ұшқан көңіл қайдан болсын! Жаңбыр жауса, әкем есіме түседі.
Жолдан шеткері шығып, салықшылар мекемесінің алдымен жүруіме тура келді. Ыза суы көлкіп, жолға дейін жайылыпты. Енді бірер күн осылай жатады.
Түн түнеріп тұр...
Биыл жаз жаңбырлы болды.
Ардақ Үсейінова, «Ақ жол».
Ұқсас жаңалықтар
«Салауатты ауыл» қатары көбейіп келеді
- 17 қараша, 2024
Зертханалық диагностика мәселелері зерделенді
- 17 қараша, 2024
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді