Данияр Елеусінов кіммен жұдырықтасатыны белгілі болды

Данияр Елеусінов кіммен жұдырықтасатыны белгілі болды
ашық дереккөз
Данияр Елеусінов кіммен жұдырықтасатыны белгілі болды
Бүгін бокстан 69 келіде өнер көрсететін команда капитаны, алтын медальдан басты үміткер спортшымыз Данияр Елеусіновтың қарсыласы анықталды. Бұл туралы Риода жүрген ҚазАқпарат тілшісі хабарлады. Естеріңізде болса, Данияр Елеусінов алғашқы айналымнан босатылған болатын. Сол себепті жерлесіміз жекпе-жекті бірден 1/8 финалдан бастайды.  Оның қарсыласы Ұлыбритания боксшысы Джош Келли болмақ. Ол бірінші айналымда египеттік Валид Мохамедті ұтты. Енді қазақ боксшысымен бағын сынап көреді.  Елеусінов пен Келли 11  тамызда шаршы алаңға шығады. Айта кетейік, бүгін бокстан үш бірдей спортшымыз шаршы алаңға көтеріліп, үшеуі де қарсыластарын айқын басымдылықпен жеңді. Олар - 49 келіде Біржан Жақыпов, 75 келіде Жәнібек Әлімханұлы, 91 келіде өнер көрсеткен Василий Левит. Естеріңізге сала кетейік, биыл қазақ боксшылары Олимпиада ойындарына тұңғыш рет толық құрамда қатысып жатыр. өкінішке қарай Рио Олимпиадасының алғашқы күні Берік Әбдірахманов АҚШ боксшысынан ұтылып қалған болатын.

 Ақпарат көзі: ҚазАқпарат

Ұқсас жаңалықтар