Василий Левит қытайлық боксшыны оңдырмай сабады

Василий Левит қытайлық боксшыны оңдырмай сабады
ашық дереккөз
Василий Левит қытайлық боксшыны оңдырмай сабады
Бүгін шаршы алаңға шыққан 91 келідегі үшінші боксшымыз Василий Левит қытайлық қарсыласын оңдырмай сабады.  Бұл туралы Риода жүрген ҚазАқпарат тілшісі хабарлады. 91 келі салмақта ел намысын қорғап жатқан қазақ боксшысы Василий Левит қытайлық қарсыласы Юй Фэнкайды техникалық нокаутпен екінші раундта жарыс жолынан тайдырды. Осыған дейін Біржан Жақыпов пен Жәнібек Әлімханұлы ел сенімін ақтап, алғашқы кездесулерін сәтті бастады. өкінішке қарай Олимпиаданың алғашқы күні Берік Әбдірахманов АҚШ боксшысынан ұтылып қалған еді. Естеріңізге сал кетейік, осыған дейін қазақ боксшыларының Олимпиада ойындарына баруға ұстатпай жүрген 91 келі салмақ дәрежесіндегі жолдаманы биыл отандасымыз Василий Левит қанжығасына байлап, Тәуелсіз қазақ елі атынан осы салмақта тұңғыш рет Олимпиада ойындарында өнер көрсету құқығына ие болды. Міне, алғашқы жекпе-жегін өте тамаша нәтижемен аяқтады. 91 келі салмақта Қазақстан боксшылары Олимпиадаға бармағанын ескерсек, Василий Левиттің жолдамасы біз үшін өте құнды. Қазақстан тәуелсіздік алғалы бері 91 келідегі боксшыларымыз Олимп шыңын бағындыруға қанша талпынса да, төртжылдықтың басты додасына жолдары түспеп еді. Василий Левиттің Лондон олимпиадасына баруға мүмкіндігі болған. Алайда, «қырсық бір айналдырса, шыр айналдырады» дегендей Левит Астанада өткен іріктеу турнирінде жеңіліс тауып, Олимпиадаға баратындардың қатарына кіре алмады. Енді, міне, Вася осыдан төрт жыл бұрын жіберген қателігін түзеп, Қазақстан боксшылары арасынан екінші болып, Олимпиада ойындарына жолдама алды. Василий Левит Бүкіләлемдік бокс сериясының «Астана арларндары» құрамында өнер көрсетіп, «Аргентина кондорспен» болған кездесуде қарсыласын техникалық нокаутпен ұтты. Соның нәтижесінде ол WSB-дің жеке рейтингтік көрсеткіші бойынша тұрақты маусымда бірінші орын алды. Сөйтіп, Рио-де-Жанейро Олимпиадасына берілер жолдаманы иемденді. Василий Левит Туған күні/жылы: 24.02.1988 Туған жері: Қостанай облысы Салмағы: 91 келі Жетістіктері: 2009, 2011 жылдары Қазақстан чемпионы; 2009 жылы Азия чемпионы; Бірнеше халықаралық турнирлердің жеңімпазы; WSB жобасы аясында өз салмағы бойынша көш бастап, Олимпиада-2016 жолдамасына иелік етті. Енді Василий Левит өзі тұңғыш қатысып жатқан Олимпиадасында Қазақтың туын желбіретіп, ән ұранын асқақтатып қайтады деген үміттеміз.  

 Ақпарат көзі: ҚазАқпарат

Ұқсас жаңалықтар