Денсаулық
Жәнібек Әлімханұлы да алғашқы жекпе-жегін жеңіспен бастады
- author «Ақ жол»
- 9 тамыз, 2016
- 196
Жәнібек Әлімханұлы да алғашқы жекпе-жегін жеңіспен бастады
Жәнібек Әлімханұлы да алғашқы жекпе-жегін жеңіспен бастады, деп хабарлайды Риода жүрген ҚазАқпарат тілшісі.
75 келі салмақта ел намысын қорғап жатқан қазақ боксшысы Жәнібек Әлімханұлы ұлыбританиялық Энтони Фаулермен жұдырықтасты. Нәтижесінде айқын басымдылықпен ұтып келесі кезеңге жолдама алды.
Жәнібек бірінші раундта қарсыласымен тең дәрежеде өнер көрсеткендей болды. Ал екінші раундта тізгінді толықтай өз қолына алды. Энтони екінші раундыда бір рет нокдаунға жіберілді. Ал үшінші раундыда да қазақ боксшысы қарсыласын ойнап жүріп соққының астына алды. Нәтижесінде Жәнібек Әлімханұлы ширек финалға жолдама алды.
Осыған дейін Біржан Жақыпов қарсыласын айқын басымдықпен ұтып, ол да ширек финалға өткен болатын.
Естеріңізге сала кетейік, Жәнібек 2012 жылы Қазақстан біріншілігінде жарқ етіп көзге түсіп, 2013 жылы Алматыда өткен бокстан әлем біріншілігінде әлем чемпионы атанды. Серік Сәпиев алғаш рет әлем чемпионатында топ жарғанда 22 жаста болатын. Ал бүгінгі әлемді ауызына қаратып жүрген Геннадий Головкин мен Ердос Жаңабергенов 21 жастарында әлем чемпионы атанды. Ал Жәнібек 20 жасында әлем чемпионы атағына қол жеткізді. Ал біздің Бекзат Саттарханов батырымыз осы Жәнібектің жасында Олимпиада шыңын бағындырған болатын. Биыл Жәнібек бауырымыз тура 23 жаста. Нағыз от болып жанатын шағы. Риода қазақтың байрағын желбіретіп қайтады деген үміттеміз...
Жәнібек Әлімханұлы
Туған күні: 01.04.1993
Туған жері: Алматы облысы Алакөл ауданының Жыланды ауылында дүниеге келген. 8 жасынан бастап бокспен шұғылданады.
Бойы: 179 см
Салмағы: 75 кг
Жетістіктері: халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Алматыда өткен әуесқой бокстан әлем чемпионатының жеңімпазы, Инчхондағы Азия ойындарының жеңімпазы, Амманда өткен Бокстан Азия чемпионатының жеңімпазы.
Айта кетейік, биыл біздің жігіттеріміз Олимпиада ойындарына тұңғыш рет толық құраммен бара жатыр. Бұған дейін төртжылдықтың басты сынына 91 келі салмақ дәрежесінде ешбір боксшымызға жолдама бұйырмай келген болатын.
Ақпарат көзі: ҚазАқпарат
Ұқсас жаңалықтар
«Салауатты ауыл» қатары көбейіп келеді
- 17 қараша, 2024
Зертханалық диагностика мәселелері зерделенді
- 17 қараша, 2024
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді