Біржан Жақыпов алғашқы кездесуін сәтті бастады
Рио-де-Жанейрода өтіп жатқан ХХХІ Олимпиада ойындарында бокстан 49 келі салмақта өнер көрсеткен қазақстандық боксшы Біржан Жақыпов алғашқы кездесуін намибиялық Маттиас Хамуньелаға қарсы өткізіп, алғашқы жеңісіне қол жеткізді. Бұл туралы Риода жүрген ҚазАқпарат тілшісі хабарлайды.
Үш раундта да отандасымыз қарсыласынан әлдеқайда басым екенін көрсете білді. Естеріңізде болса, Біржан Жақыпов жеребе бойынша бірінші айналымнан босатылған болатын. Ал Біржанның қарсыласы Рио олимпиадасын бірінші іріктеуден бастаған. Ол тырнақалды бәсекесінде әзірбайжандық былғары қолғап шебері Руфат Хусейновпен жұдырықтасып, екінші кезеңге жолдама алған еді. Алайда, олны қазақтың былғары қолғап шебері жарыс жолынан ығыстырып тастады.
Естеріңізге сала кетейік, қазақ боксшыларынан Олимпиаданың алғашқы күні бірінші болып шаршы алаңға көтерілген 60 келідегі Берік Әбдірахманов АҚШ боксшысы Карлос Баль Дерастен ұтылып қалған болатын.
Біржан Жақыпов
Туған күні: 07.07.1984
Туған жері: Оңтүстік Қазақстан облысы, Созақ ауданы, Жартытөбе ауылы
Жетістіктері: Әлем чемпионатының қола жүлдегері (2005 ж.), Әлем кубогының қола жүлдегері (2008 ж.), Азия ойындарының күміс жүлдегері (2010 ж.), олимпиадалық квалификациялық құрлықаралық турнирдің жеңімпазы (2012), Әлем чемпионы (2013 ж. Алматы)
Бойы: 168 см
Салмағы: 49 кг
Бокспен айналысуы: 14 жастан
Аймақ: Оңтүстік Қазақстан облысы
Рио Олимпиадасының жолдамасын АИБА-ның АРВ деп аталатын жаңа жүйесінде сынға түсіп, жеңіп алды. Биыл Біржан осымен үшінші Олимпиадасына қатысқалы отыр. Ол осыған дейін Бейжіңде және Лондонда Олимпиада ойындарына қатысқан. Алайда, жүлдеге жете алмады. Биыл қалайда Қазақстан қоржынына бір медаль салады деген үміттеміз.
Ақпарат көзі: ҚазАқпарат
Ұқсас жаңалықтар
Мақсат – науқастарды қабылдау сапасын жақсарту
- 23 сәуір, 2026
Операция сәтті өтіп, науқастардың жағдайы жақсарған
- 23 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




