Каратэ Олимпиада ойындарына енді
Рио-де-Жанейро қаласында өткен Халықаралық Олимпиада комитетінің отырысында каратэны 2020 жылы Токио қаласында өтетін кезекті Олимпиада ойындарының бағдарламасына енгізу туралы шешім қабылданды. Бұл туралы бүгін Астанадағы баспасөз мәслихатында ҚР Каратэ-до федерациясының вице-президенті Жасталап Санауов мәлімдеді, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.
«Осы уақытқа дейін біздің спортшыларымыз ересектер арасындағы 12 Әлем чемпионатында, сондай-ақ юниорлар арасындағы 8 Әлем чемпионатында жүлдегерлер қатарынан көріне білді. Бұдан бөлек, қазақстандық каратэшылар Азия чемпионааты мен Азия ойындарында жоғары жетістіктерді көрсетті. Жалпы, біз 6 рет Азия ойындарына қатысып, 5 алтын, 5 күміс және 5 қола медальдарды олжалаған болатынбыз», - дейді Ж.Санауов.Ақпарат көзі: Baq.kz
Ұқсас жаңалықтар
Жақсы дәрігер атану – қиынның қиыны
- 19 ақпан, 2026
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




