Денсаулық
Рио-2016: Олимпиада ойындарында медаль алған мемлекеттер саны 27-ге жетті
- author «Ақ жол»
- 8 тамыз, 2016
- 699
Рио-2016: Олимпиада ойындарында медаль алған мемлекеттер саны 27-ге жетті
Бразилияның Рио-де-Жанейро қаласында өтіп жатқан Олимпиада ойындарында медаль алған мемлекеттер саны 27-ге жетті. Бұл туралы Риодағы ҚазАқпарат тілшісі хабарлады.
Қазір Австралия 3 алтын, 2 күміс медальмен көш бастап келеді. Екінші орынға 2 алтын, 2 күміс, 3 қола медаль еншілеген қытай құрамасы көтерілді. Ал үздік үштікті 2 алтын, 1 күміс, 1 қола медаль жеңіп алған оңтүстіккореялықтар түйіндеп тұр. Қазақ елінің спортшылары жалпы есепте, Олимпиаданың алғашқы күні ұтып алған 1 күміс, 1 қола медалімен 16-орынға сырғыды.
Әзірге 14 мемлекет алтын алып үлгерді. Олар Австралия 3 алтын, 2 күміс, Қытай 2 алтын, 2 күміс, 3 қола, оңтүстіккореялықтар 2 алтын, 2 күміс, 1 қола медаль еншілесе, Венгрия 2 алтын, АҚШ 1 алтын, 4 күміс, 1 қола медаль жеңіп алды. Ресей спортшылары 1 алтын, 2 күміс, 1 қола медальды қоржындарына салды. Ал Жапония спортшылары 1 алтын, 5 қола медальды олжаласа, Таиланд, Нидерланды, Вьетнам, қытайлық Тайбэй, Бельгия, Косово, Аргентина елдері 1 алтын, бір-бір қола медаль жеңіп алған.
Қазірге дейін 19 алтын, 19 күміс, 22 қола (60) медаль сарапқа салынды.
Ақпарат көзі: ҚазАқпарат
Ұқсас жаңалықтар
Мақсат – науқастарды қабылдау сапасын жақсарту
- 23 сәуір, 2026
Операция сәтті өтіп, науқастардың жағдайы жақсарған
- 23 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




