Денсаулық
Рио-2016: Арли Чонтей жұлқа көтеруде 130 келіні бағындырып, қоссайыстың алғашқы жаттығуын 5-орынмен аяқтады
- author «Ақ жол»
- 8 тамыз, 2016
- 188
Рио-2016: Арли Чонтей жұлқа көтеруде 130 келіні бағындырып, қоссайыстың алғашқы жаттығуын 5-орынмен аяқтады
Ауыр атлет Арли Чонтей 56 келі салмақта жұлқа көтеруде 130 келіні бағындырып, қоссайыстың алғашқы жаттығуын 5-орынмен аяқтады6 деп хабарлады ҚазАқпарат тілшісі.
Жұлқа көтеру сайысында отандасымыз бірінші мүмкіндігінде 125 келіні еркін бағындырды. екінші мүмкіндігінде 130 келіні басынан асыра көтерді. Ал үшінші мүмкіндігінде бас бапкер 132 келіге тапсырыс берген еді, алайда оны Чонтей көтере алмады.
Қоссайыстың алғашқы жұлқа көтеру түрінен бірінші орынды 137 келіні бағындырған қытай спортшысы иеленсе, екінші орынға 134 келіні бағындырған Солтүстік Корея спортшысы жайғасты. Үздік үштікті 132 келіні бағындырған Таиланд спортшысы түйіндеді.
Естеріңізге сала кетейік, Алексей Нидің шәкірті Арли Чонтей Қазақстан чемпионы (2013), Азия чемпионатына, Қазан универсиадасына, әлем чемпионатына қатысушы, Халықаралық дәрежедегі спорт шебері.
Ақпарат көзі: ҚазАқпарат
Ұқсас жаңалықтар
«Салауатты ауыл» қатары көбейіп келеді
- 17 қараша, 2024
Зертханалық диагностика мәселелері зерделенді
- 17 қараша, 2024
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді