Денсаулық
Риодағы Қазақстан баспасөз орталығы жарқын жеңістермен сүйінші сұрайтын орталыққа айналады - Арыстанбек Мұхамедиұлы
- author «Ақ жол»
- 6 тамыз, 2016
- 535
Риодағы Қазақстан баспасөз орталығы жарқын жеңістермен сүйінші сұрайтын орталыққа айналады - Арыстанбек Мұхамедиұлы
Риодағы Қазақстан баспасөз орталығы жарқын жеңістермен сүйінші сұрайтын орталыққа айналады. Бұл туралы Рио-де-Жанейро қаласында ашылған Қазақстан баспасөз орталығына журналистермен кездескен ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы мәлім етті.
Бұл туралы Рио-де-Жанейродан ҚазАқпарат тілшісі хабарлайды.
"Біздің Риода ел намысын қорғайтын атлеттеріміз ең таңдаулы, талай сыннан сүрінбей жолдаманы жеңіп алған спортшылар. Сондықтан, төрткіл дүние көз тігіп отырған басты додада табысты өнер көрсетеді деген сенімдемін. Сол үшін міне, Бразилияда "Қазақстан баспасөз орталығын" ашып отырмыз. Бұйырса, осы орталық сіздер мен біздер спортшыларымыздың жарқын жеңістерімен елден сүйінші сұрайтын орталыққа айналады", - деп атап өтті ҚР Мәдениет және спорт министрі А. Мұхамедиұлы.
Қазақ "жақсы сөз жарым ырыс" деп жатады. Министрдің айтқаны келіп, спортшыларымыз табысты өнер көрсетсін деп тілейік.
Естеріңізге сала кетейік. XXXI жазғы Олимпиада ойындарының салтанатты ашылуына санаулы сағаттар қалды. Оны елімізде «Хабар» арнасы 5 тамыздан 6 тамызға қараған түні тікелей эфирден көрсетеді. Астана уақытымен 04.55-те басталады.
Ақпарат көзі: ҚазАқпарат
Ұқсас жаңалықтар
Жақсы дәрігер атану – қиынның қиыны
- 19 ақпан, 2026
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




