6 тамызда Рио Олимпиадасының медальдарына Елисеева, Сметов және Отгонцэгцэг таласады

6 тамызда Рио Олимпиадасының медальдарына Елисеева, Сметов және Отгонцэгцэг таласады
ашық дереккөз
6 тамызда Рио Олимпиадасының медальдарына Елисеева, Сметов және Отгонцэгцэг таласады
6 тамызда Рио Олимпиадасының медальдарына Елисеева, Сметов және Отгонцэгцэг таласады, - деп хабарлайды Vesti.kz. Қазақстандық спортшылар бірінші жарыс күні бірнеше спорт түрінен қатысады. Әйелдер арасынағы ауыр атлетикадан 48 келіге дейінгі салмақта Маргарита Елисеева медальға таласады. Сонымен қатар, медальдар велоспортта ойнатылады - мұнда қазақстандықтар Бақтияр Қожатаев пен Андрей Зейц бақ сынамақ. Сонымен қатар, дзюдошылар Елдос Сметов пен Галбадрах Отгонцэгцэг күреседі.

6 тамыздың кестесі:

Веложарыс (шоссе) Андрей Зейц, Бақтияр Қожатаев Басталуы - 18:30. Тікелей эфир ("Хабар") Академиялық ескек есу (бір адам) Владислав Яковлев, Светлана Германович Басталуы - 17:30 Оқ ату Елизавета Король, Рашид Юнусметов Басталуы - 17:30 Үстел теннисі Кирилл Герасименко Басталуы - 17:30 Дзюдо (ерлер мен әйелдер) Елдос Сметов (60 келіге дейін), Галбадрах Отгонцэцэг (48 келіге дейін) Алдын ала раундтар. Басталуы - 19:30. Репенаж, үшінші орынға талас пен финал - Басталуы - 00:25 ("Қазақстан" телеарнасында тікелей эфир); Үлкен теннис (Әйелдер арасында жалғыз және жұппен. Бірінші раунд) Ярослава Шведова, Галина Воскобоева Басталуы 19:45 Бокс Берік Әбдрахманов (60 келіге дейін) Басталуы - 19:55. Әбдрахманов бірінші жекпе-жегін шамамен сағат 21:15-те өткізеді. "Қазақстан" телеарнасында тікелей эфирден көрсетіледі. Жүзу. Ерлер. Брасс әдісі (100 метр) Дмитрий Баландин Жүзу - басталуы 22.00-де. Жартылай финал 07:00-де. Тікелей эфир ("Қазақстан") Ауыр атлетика. Әйелдер арасындағы 48 келіге дейінгі категория Маргарита Елисеева Басталуы 04:00-де. Тікелей эфир ("Қазақстан").

Ақпарат көзі: Kaz.tengrinews.kz 

Ұқсас жаңалықтар